43
Халал мен харам
на құмбыл тұрады? Әрбір күнә өзінен кейінгі үлкенірек
күнәның хабаршысы. Күнәлар баспалдақ тәрізді бірінен
соң бірі сатылап күпір жарына түскенге дейін пендені
жетелей бермек.
Жалпы сыра деген не нәрсе өзі? Оның шыққан жері,
ата-тегі қайда? Сыра әу баста шыққанда харам болып
шыққан. Бейне бір казино ойындары тәрізді. Ендеше бұл
сұрақ маған «казиноға барып, ондағы рулетка ойынын
ақша тікпей ойнасам бола ма?» дегендей естіледі. Мұндай
ойындардың шығу мақсаты – адамды азғырған шайтанның
тұзақтарының бірі ретінде рулетка ойынын ойнамақ
тұрмақ сол казиноның ішіне де кіруге болмайды. Асылы
сіз бүгін өзіңізге пәтуа шығарып сол рулетканы теңге
тікпей ойнағанмен күндердің күнінде ақша тіккеніңізді
де байқамай қаласыз.
Яки бұл сауал маған «құлағалы тұрған үйде тұруға
бола ма?» дегендей естіледі. Құранда Аллаһ Тағала
зинаға қатысты «зина жасамаңдар» демейді. «Зинаға
жақындамаңдар» деп бұйырады. Өйткені зинаға
жақындаған адам кез-келген сәтте соның арбауына түсіп
қалуы мүмкін.
Исламда «Сәд зара
′
и» деген қағида бар. Бұл қазақ тілін-
де «харамға жетелейтін кез-келген нәрседен қашық тұру»
дегенге саяды. Мысалы Құранда Аллаһ Тағала:
«Аллаһтан
басқаға табынғандарға һәм олардың пұттарына тіл
тигізуші болмаңдар. Өйткені олар да уәж қайтару
мақсатымен не дегендерін білмей Аллаһ Тағалаға тіл
тигізулері мүмкін»
55
дейді. Яғни бұл аятта мүшріктердің
пұттарына тіл тигізуге тиым салынған. Негізінде пұттарды
қор санау дұрыс іс-әрекет. Бірақ Аллаһ Тағалаға тіл тигі-
зуге жол ашу жағынан тиым салынып тұр.
55
«Әнғам» сүресі, 108.