Previous Page  46 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 46 / 360 Next Page
Page Background

46

Отбасы ғылымхалы

ысырап екендігін сонымен қатар нәпақа жауапкершілігіне

кері әсерін тигізетінін айтып, харам деп, пәтуа берген.

Қазіргі таңда осының бәрін есепке алып және

бүгінгі таңдағы темекенің қаншалықты зияндығының

анықталғандығын да алға тартып былай деуге болады.

Алдымен Хақ Тағаланың ол туралы тыйым салған үкімі

жоқ деп айтуға болмайды. Құран мен сүннетте келтіріл-

ген үкімдер белгілі бір ұстанымдар мен мақсаттарға

бағытталған. Мысалы, Аллаһ Тағала ішімдікті харам ет-

кен. Құранда бұл «хамр» сөзімен берілген. Ендеше сіз

Құранда сыра, коньяк деген сөз жоқ ендеше ол мүбаһ дей

алмайсыз. Мас қылатын барлық спирт түрлері сол «хамр»

тобына жатады. Олай болса темекіні де Құрандағы негіз-

гі қағидаларға жатқызуға әбден болады. Атап айтқанда,

Құранда: َ

وَيُحِلّ لَهُمُ الطّيِّبَاتِ وَيُحَرِّمُ عَلَيْهِمُ الْخَبَائِث

«Оларға пайдалы

пәк нәрселерді халал етіп, зиянды нахош нәрселерді ха-

рам етеді»,

– деген

60

аят бар. Ендеше денсаулыққа қатерлі

барлық нәрсе – харам. Темекі бастан-аяқ зиянға толы.

Оның ешбір нәрсесі адамға да, қоғамға да пайдалы емес.

Ғалымдар темекенің зияндылылығын үш топқа бөлген.

Бірінші:

Зияндылық: Темекіні бүгінгі таңда ешкім

«зиянсыз», қайта «пайдалы» деп айта алмайды. Тіпті

оның қорабының сыртында адам ағзасына аса зиянды

екенін жазып қойған. Бүгінде ғалымдар жалпы зерттеудің

нәтижесінде, темекіден өкпе рагы, жүрек ауруы, амфизем,

тыныс жолдары қабынуы сияқты аурулар пайда болаты-

нын дәлелдеген. Сондай-ақ дүниежүзілік денсаулық сақтау

ұйымының (ДДСҰ) мәліметіне сүйенсек, Жер шарындағы

1,8 миллиард 10-24 жас аралығындағы жеткеншектер

темекінің түтінімен уланған. Дүниежүзі ғалымдарының

60

«Ағраф» сүресі, 157 аят.