51
Халал мен харам
3.
«Жібек пен алтын үмбетімнен әйелдерге
–
халал,
ал еркектерге
–
харам»
68
.
4. Хазіреті Омар сатылғалы тұрған бір жібек киімді
көріп, Пайғамбарға қарап: «Пайғамбарым! Мына
киімді сатып алып, сізге арнайы қонақтар келгенде
және жұма күндері кисеңіз» дейді. Аллаһ елшісі
сонда:
«Мұны тек нәсібі жоқ адамдарға ғана ки-
еді»,
– дейді. Хазіреті Пайғамбар
(аләйһис-саләту уәс-
сәләм)
осы оқиғадан біраз өткен соң Омарға жібек
киім жібереді. Хазіреті Омар «Жібек киім туралы
өткендегі сөзіңіз бар еді. Сөйте тұра маған мына
жібекті жібердіңіз бе?» деп сұрағанда Аллаһ ел-
шісі:
«Мен мұны саған сатарсың не болмаса біреу-
ге берерсің деп жібердім»
69
деп жауап береді.
5. Кейбір деректе хазіреті Пайғамбар
(аләйһис-саләту уәс-
сәләм
) Зухайр және Абдрахманға тері сырқатына
байланысты жібек киім киюге рұқсат бергені ай-
тылады
70
.
Ислам ғұламалары да осы хадистерге байланысты
жібек киім киюдің харамдығын алға тартқан. Ханафи
мәзһабының үш үлкен имамы еркектер үшін соғыстан
тыс жібек киім киюдің харамдығын айтады. Сондай-
ақ, Ханафилерде жібекті жастық етіп жастануға бола-
ды. Өйткені мұнда жібекке немқұрайлы қарау бар. Һәм
Ханафилер бойынша соғыста да соғыстан тыс та жібек
араласқан киім киюді мүбаһ санаған. Бірақ жібек аз бо-
луы керек. Аздық қашан да маңызсыз саналады. Басқа да
ғалымдар Ханафилер секілді аздықты негізсіз санаған.
Бұған мына екі хадисті дәлел етіп көрсетеді. «Аллаһ ел-
68
Бухари, Либас, 30.
69
Бухари, Либас, 25, 30.
70
Бухари, Либас, 29.