52
Отбасы ғылымхалы
шісі
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
еш нәрсе араласпаған таза жібектен
жасалған киімге тыйым салды», Ибн Аббас: «Оның жібінің
жібек болуына келсек ешбір әбестігі жоқ»,
71
– дейді.
Сонымен қатар кімде-кім жібек киім киіп намаз
оқитын болса оның намазы дұрыс болады. Қайта оқудың
қажеті жоқ.
Сөз соңында, хадистерге назар салғанда жібек киімнің
харам болуының сыры оның аса бағалы мата болып
тәкаппарлануға себеп болып кедейлердің көңілдерінің
қамығуына сеп болатынына байланысты тыйым салды
деп түсінуге болады. Ақиқаты Аллаһқа аян.
Алтын-күміс тағу
Ерлер үшін жібек киім секілді алтын жүзік тағу
да –харам. Бірақ әйелдер үшін алтын жүзік – халал.
Өйткені Аллаһ
елшісі
(саллалаһу аләйһи уәссәләм)
«Алтын мен жібек
үмбетімнің әйелдеріне
–
халал, еркектеріне
–
харам»
72
,
–деп айтқан. Хазіреті Әлиден жеткен бір хабарда Аллаһ
елшісі алтын жүзікке тыйым салған
73
. Ибн Аббастан жет-
кен бір хадисте: «Аллаһ елшісі бір адамның қолынан ал-
тын жүзік көріп қалып, оны қолынан шығарып лақтырып
жіберіп:
«Сендердің қайсы бірің қолына шоқты ұстай
алады?»
,
74
– дейді.
Бірақ мәзһаб имамдары ер кісіге күміс жүзік тағуын
бұдан бөлек қараған. Күміс жүзік тағуда кемшін болу
мүбаһ саналған. Ханафилер бойынша мұның аз мөлшері
бір мысқал (2. 975 гр.) яки бұдан да төмен. Сондай-ақ
күміс жүзік туралы Кутубу-ситтә имамдары Әнәс ибн
71
Ахмед пен Әбу Дәуіт жеткізген.
72
Ибни Әбу Шәйбә, Зәйд ибн Әркәмнан жеткізген.
73
Бухаридан тыс жамағат жеткізген.
74
Муслим жеткізген.