Previous Page  53 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 53 / 360 Next Page
Page Background

53

Халал мен харам

Мәліктен «Аллаһ елшісі Хабаши көзі бар күмістен бір

жүзік тақты. Оған «Мухаммадун Расулуллаһ» деген сөзді

нақыштады» дегенді жеткізеді.

Һәм үй заттарында алтын мен күмісті пайдалануға

болмайды. Атап айтқанда, алтын мен күміс ыдыстардан

су, ас ішу, әтірді пайдалану, дәрет алу, т.б. Сондай-ақ

алтын мен күмістен сағат, қалам, айна, әшекей заттар да

дұрыс емес. Үйлерді алтын мен күміспен әшекейлеу де

жақсы емес. Өйткені Пайғамбарымыз

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

:

«Алтын мен күміс ыдыстардан ішпеңдер, алтын мен күміс

ыдыстардан тамақ жемеңдер. Өйткені олар бұл дүниеде

олардыкі (мүшріктер), ақыретте болса сендердікі»

75

.

Басқа бір хадисте:

عَنْ أُمِّ سَلَمَةَ زَوْجِ النّبِيِّ صَلّى اللُّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ أَنّ رَسُولَ اللِّ صَلّى

َاللُّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ قَالَ الّذِي يَشْرَبُ فِي إِنَاءِ الْفِضّةِ إِنّمَا يُجَرْجِرُ فِي

بَطْنِهِ نَارَ جَهَنّم

«Күміс ыдыстан су ішкен адам қарнын жаһаннам

отымен толдырды деген сөз»

76

дейді.

Алтын мен күміс зәру жағдайларда пайдаланса, ха-

рам болмайтынын кейбір ғұламалар алға тартады. Атап

айтқанда, кесілген мұрын мен түскен тістің орнына алтын

мен күмісті пайдалану. Бұл көзқарас – арасында Ханафи

ғалымдарынан Имам Мухаммад кейбір деректе Әбу Жүсіп

те қосылған көптеген ғалымдардың қөзқарасы. Ал Әбу

Ханифа болса тістер алтын емес күмісnен салынатынын

айтқан. Сондай-ақ, ол жүзіктің көзін бекіту үшін алтын-

ды пайдаланудың әбестігі жоқтығын айтады. Алайда

75

Бұл хадисті Бухари мен Муслим Хузайфа ибн әл-Ямәннан

жеткізген.

76

Бухари мен Муслим. Умму Сәләмәден жеткізген.