28
Отбасы ғылымхалы
құбылаға қаратпайтын болса, мұндай сойылған
малдың етін жеуге болады.
4. Малдың басын жоғары қаратып сол жағына
жатқызу. Егер солақай адам болса, онда оң жағына
жатқызуына болады. Сонымен қатар, солақай адам
оң қолымен соя алмайтын болса, оның союы –
мәкрүһ. Ол басқа біреуге жол беруі, яки құрбан
болса, өкілдігін беруі қажет.
5. Түйе сол тізесі байланып аяқта сойылады. Сиыр
мен қой сол жағына жатқызылып бауыздалады.
Оң аяғы еркін жіберіліп қалған аяқтары байлана-
ды. Бухари мен Муслимде
«Аллаһ елшісі қойды
жатқызып сойды»,
–
деп айтылған.
6. Малдың мойнындағы кесілуі тиіс барлық тамыр-
ларды кесу және тез арада іске асыру. Кейбірінің
кесіліп, кейбірінің кесілмеуі – мәкрүһ. Өйткені
жанының шығуы қажет.
7. Мал соярдан бұрын алдымен қажетті пышағын мал
жоқ жерде қайрау керек.
8. Малды жерге қатты алып ұрып қиянат жасамағаны
дұрыс.
Қазіргі қасапханалардағы мал сою
Малды қинамай оның күшін азайтатын кейбір
құралдарды пайдаланып союдың ешбір сөкеттігі жоқ
35
.
Яғни Исламда соймай тұрып кейбір әлсірететін тәсілдерді
пайдалануға болады. Алайда тапаншамен атып, есінен
тандырып жерге құлату не шоқпар, балта, балға сияқты
нәрселермен, не болмаса электр тогын пайдалану харамға
жатады. Өйткені малдың жанын қинауға шариғат тыйым
35
Уәһбә Зуһаил, 4/467.