23
Халал мен харам
«Қымыздың құрамында спирт бар, ендеше оны ішуге
болмайды» деген адам сиырдың айранын, түйенің шұбатын
да ішпеуі тиіс. Өйткені, екеуінде де қымыздікімен бір-
дей спирт түрі бар
24
. Әрі айран мен шұбат біздің елге
қарағанда Араб түбегінің аптапты ыстығында тез әрі қатты
ашиды.
Шараптың харам болуының бір хикметі де ішкен
адамды есінен адастыру әрі адам организміне аса зиян-
ды нәрсе. Ал қымызға келсек әсте олай емес. Атам қазақ
мың жылдан бері қымыз ішіп келеді. Тарихта пәлен жерде
қымыз ішіп мас болып, есінен таныпты. Яки, қымыз іш-
кеннен өмірі зая өтіпті, отбасын ойран етіп қор болыпты
дегенді естіп-білген жан бар ма екен?! Қайта қазақтың
қазақ болып ұзақ өмір сүруіне арқау болған. Егер қымыз
шараппен тең болғанда бұдан мың жыл бұрын-ақ қазақ
топырағынан шыққан фиқһ ғұламалары харам деп тыйым
салар еді де бұл қазаққа салт болып қалар еді. Алайда
ешбір кітапта ондай пәтуа кездеспейді.
Бірақ қымыз бен бозаны тең қарауға мүлде болмайды.
Боза ішімдіктің бір түрі. Көшпенді қазақ халқы қымыз
тұрғанда бозаға қарамаған. Әрі мұсылман болғандықтан,
оның харам екенін де білген. Өйткені оның әсері шарап-
тай болмаса да сырадай болғандықтан көп ішкен адамды
есінен алжастырады.
Әрі жоғарыда жылқы етінің халал екендігін, ал есек
етінің харамдығын айтып, дәлелдеп өттік. Есектің еті ха-
рам болғандықтан оның сүті да харам. Ал жылқы еті халал
болғандықтан сүті де халал болмақ. Жылқының сүтінің
халалдығына қатысты ғалымдар арасында ауыз бірлік бар.
Өйткені, Ислам дінінде «Бір жануардың еті халал болса,
онда оның сүті де халал, ал еті харам болса сүті де харам»
24
Һәм картопта да осыған ұқсас спирт бар.