Previous Page  20 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 20 / 360 Next Page
Page Background

20

Отбасы ғылымхалы

санаған. Ахмед ибн Ханбәлдың мәкрүһ және харам деген

екі көзқарасы бар. Мұндай лас нәрсе жеген малдарды бір

мезгіл таза қорекпен бағып, етіндегі жаман иістің кетуіне

жағдай жасалуы қажет. Фиқһ кітаптарында бұл жағдай

тауықтар үшін үш күн, қойлар үшін төрт күн, сиыр және

түйелер үшін он күндей күту қажет деп айтылса да, не-

гізінде малдағы жаман иістің кететіндей мезгіл күтілуі

тиіс.

Балықтардың таза емес суларда болуы еттерінің жеуі-

не кедергі келтірмейді. Балықтың жұтқан балығы да (егер

бөлшектеліп кетпеген болса) жеуге жарайды.

Сондай-ақ, халал болған тірі малдан сойылмай

тұрып жұлынған, яки кесіп алынған еті өлексеге жатады.

Мұндай етті жеу барлық мәзһаб бойынша харам саналған.

Шариғатқа сай сойылған малдардың да жеуге болмайтын

харам саналған кейбір мүшелері бар.

Жан-жануарлардың жұмыртқасы мен сүті еттерінің

үкіміне қатысты. Сондықтан Ханафи мен Шафиғиларда

етін жеуге болмайтын жануардың жұмыртқасы да ха-

лал емес. Сүт те төрт мәзһаб бойынша еттің үкіміне

қатысты. Ал адам еті Құранда айтылғандай ардақты етіп

жаратылғандықтан харам етілген. Ана сүті харам емес.

Бие сүті мен қымыздың үкімі қандай?

Биенің саумалы – халал. Өйткені жылқы еті жоғарыда

айтылғандай төрт мәзһаб бойынша, халал болып саналады.

Еті халал малдың сүті де халал болмақ. Тіпті бие сүтінің

өзге мал сүтіне қарағанда пайдасы молырақ. «Бие сүтінің

химиялық құрамы пайыз есебімен алғанда мынадай болып

келеді: сүттегі қант – 6,7, жалпы белок – 2,0, казеин – 50,7

альбумин және глобулин – 49,3, минералды тұздар – 0,3,

құрғақ заттар 11,0 пайыз. Бие сүті өзінің химиялық құрамы