Previous Page  21 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 21 / 360 Next Page
Page Background

21

Халал мен харам

жағынан басқа малдардың сүтіне қарағанда өзгеше болады.

Ол, әсіресе, лактозаға бай. Оның құрамында 120-ға жуық

әр түрлі химиялық заттар болады, оның ішінде 25 түрлі

амин қышқылы, 20 түрлі минералды заттар, 7 фермент,

4 түрлі сүт қанты, 3 түрлі гормондар, липоидтер, лимон

қышқылы және т.б бар. Биелерді өріске жайған жағадайда

В витаминінің мөлшері шамамен 2 есе артады. Сүттің

химиялық құрамы мал жеген шөптің түрлеріне қарай да

өзгеріп отырады. Бие сүтінің майында өзге малдың сүтінде

кездеспейтін октодекадиен және басқа да қышқылдар бо-

лады. Бие сүтінде фосфор, калий және кальций, магний

тотығы мол кездеседі. Сиыр сүтіне қарағанда бие сүтінде

лактоза – 1,5 есе, С витамині 10 есе көп болады. Бие сүті

сондай-ақ В, А, Е тобындағы витаминдерге және басқа да

биологиялық заттарға бай»

22

.

Ал биенің қымызына келсек, оның да пайдасы зор.

«Қымыздың әсерінен асқазан сөлінің бөлінуі жақсарады,

тәбеті ашылады, астың қорытылуы жақсарады. Қазіргі

медицинада қымызды антибиотиктермен және басқа да

дәрі-дәрмектермен байланыстыра отырып, өкпе, сүйек

және бүйрек туберкулезін, ішек-қарын және жүрек, қан

тамырлары ауруларын емдегенде, сондай-ақ витаминдер

жетіспегенде, зат алмасу бұзылғанда қолданады». Сондай-

ақ «қымызды жүйелі түрде қабылдаудың әсерінен өкпенің

сыйымдылығы, кеуде клеткаларының шеңбері ұлғаяды,

тыныс алу, зат алмасу жақсарады, қан құрамындағы

гемоглабин мөлшері артады, ақ қан түйіршіктері, егер

олар жоғары болса, қайта қалпына келеді, ал, қызыл қан

түйіршіктерінің шөгу реакциясыжиілесе қайта төмендейді.

22

Б. Асылбеков. Қымыз шипалы сусын. 12-13 беттер. Алматы, 1986.