19
Халал мен харам
майды. Ханафилер осы көзқарасты денсаулық
жағынан сақтық үшін айтқан. Бірақ су қайнап, яки
қатты суық болып не болмаса мұздарға қысылып
және су тартылып қайраңда, яки құрлықта қалып
өлген балықтарды жеуге болады.
2. Балық түрінен бөлек (құрбақа, шаян) секілді су
жануарларын жеу – Ханафилер бойынша халалға
жатпайды. Ал қалған үш мәзһаб бойынша тек қана
суда өмір сүретін барлық жан-жануарлар өздіген
өлсе де, жеуге жарайды. Яғни халал.
Әрі құрлықта, әрі суда өмір сүретін жан-
жануарлар
Суда да, құрлықта да өмір сүретін құрбақа, тасбақа,
шаян, жылан, қолтырауын сияқты жан-жануарлар тура-
лы үш түрлі қөзқарас бар. Ханафилер мен Шафиғилар
бойынша, бұларды жеуге болмайды. Мәликилерге қарасақ
мұндай жануарларды жеуге болады. Ал Ханбалилер
бойынша, қолтырауын, құрбақа және жыланды жеуге
болмайды. Ал қалғандары халал болып табылады. Бірақ
бұлардың ішінде қаны ағатын (тасбақа, су сиыры) жану-
арлар сойылуы тиіс. Қаны ақпайтындарды союдың қажеті
жоқ.
Жан-жануардың еттеріне қатысты кейбір
мәселелер
Азыққа халал саналған бір малды мұсылмандық
әдеппен сою не аулау жолымен ұсталатын болса, бұл
жағдайда да діни шарттарға сәйкес әрекет етілуі қажет.
Еті халал болумен қатар, лас нәрсе жеген құрлықтағы
малдарды дереу сойып жеуді барлық мәзһаб мәкрүһ