14
Отбасы ғылымхалы
Шафиғи мен Мәликилердің көзқарастарында халал
саналған.
Сонымен қатарХанафи бойынша тиін, бұлғын, кәмшәт,
құндыз, қорқау, кесіртке, ақ тышқан (сусар тұқымдас),
лашын, кезқұйрық, құзғын, жапалақ, қаршыға, тасбақа,
көртышқан, ұлу, құрт-құмырсқа, шыбын-шіркейлер түгел
харам.
Сондай-ақ хадисте бар яки бір хадиске қатысты халал
немесе харамдығына сай қилы көзқарастары бар жан-жа-
нуарлар да бар. Олар төмендегіше:
Бірінші:
Қоян еті төрт мәзһаб бойынша халал болумен
қатар кейбір сахаба мен табиғиндардың көзқарастарында
және мүштәһид имамдардан ибн Әбу Ләйлә бойынша
тахримән мәкрүһ саналған.
Екінші:
Жылқы еті төрт мәзһабтың жалпы
көзқарасына қарай халал саналған. Имам Ағзамға кел-
сек, тахримән мәкрүһ саналған. Бұл жерде жылқы етінің
мәкрүһ саналуы жылқының лас болуында емес, керісін-
ше жылқының соғыста мінілетіндігіне қатысты екендігін
көптеген ғалымдар алға тартады. Әйтсе де кейбір деректе
Әбу Ханифа жылқы етін тахримән (харамға жақын) емес,
тәнзиһан (халалға жақын) мәкрүһ деген көзқарасын біл-
дірген. Яғни Ибн Аббас, Имам Мәлік және Әбу Ханифа
секілді кейбір ғұламалар Құрандағы َ
وَالْخَيْلَ وَالْبِغَالَ وَالْحَمِيرَ لِتَرْكَبُوهَا وَزِينَةً وَيَخْلُقُ مَا لَ تَعْلَمُون
«Жылқыларды, қашырларды және есектерді мініс,
әрі зейнет үшін жаратты»
12
аятын негізге ала отырып,
жылқы етін жеуді мәкрүһ санаған. Олардың көзқарастары
12
«Нахыл» сүресі, 8 аят.