Previous Page  11 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 11 / 360 Next Page
Page Background

11

Халал мен харам

Ендеше бұрынғы қазақ ғұламалары әлдебір хик-

метке сай пәтуәсін берсе керек...

3. Шегіртке де сүннетте жеуге болатыны туралы

үкім болғандықтан халал жануарлар тобынан орын

алған

8

.

Ғалымдар арасында еттерінің харам екендігіне ауыз

бірлігі бар жан-жануарлар болса, үш топқа бөлінеді.

1. Доңыздың харамдығына қатысты Құранда ашық

үкім бар

9

. Құранда түр ретінде тыйым салынған

тек осы доңыз ғана.

2. Аллаһтан өзге бір нәрсенің атымен бауыздалған

жануарлардың еттерінің харам екендігіне де

Құранда ашық үкім бар. Ислам діні – тәухид діні.

Барлық жандыны да жансызды да, жаратқан Аллаһ

Тағала. Ендеше мал сойғанда тек Жаратқанның

атымен сою – парыз. Оған серік қосуға болмай-

ды.

Құрметті қонаққа және марқұмға арнап мал

союға бола ма?

Кейбір салтанаттарда, я болмаса шалғайдан келген

қадірлі қонаққа арнап мал союға болады. Құранда хазіреті

Ибраһим пайғамбардың үйіне періштелер адам бейнесін-

де қонақ болып келгенде соларға арнап бұзау шалғаны

мәлім. Сондықтан шалынған малдар Аллаһтың атымен

аталып шүкіршілік мақсатпен және өмірден қайтқан кісіге

сауабын бағыштау әрі оның күнәларына кәффарат садақа

ниетімен шалынатын болса, мұның ешбір ағаттығы жоқ.

Алайда әлдебір кісіні киелі тұтып, яки әулиенің басына

барып малды тікелей соған арнап, сол кісінің аруағынан

8

Бухари, «Зәбәих», 13; Муслим «Зәбәих», 52.

9

Доңыздың харам етілгеніне қатысты қараңыз: «Бақара» сүресі, 173.