15
Халал мен харам
бойынша осы аятта тағам туралы айтылмайды. Алайда
осы аяттан алдыңғы аятта малды жеу туралы айтылған.
Сондай-ақ жылқы етін мәкрүһ санаған Әбу Ханифа
сынды ғұламалар осы аяттан басқа Халид ибн Уәлидтен
бізге жеткен мына хадисті дәлел етіп көрсетеді. Хадисте:
«Аллаһ елшісі жылқы етіне тыйым салды»
13
деп айты-
лады.
Жылқы етін ешқандай мәкрүһ емес, халал деп баға
бергендерге келсек, олар да хадиске жүгінген. Атап
айтқанда Бухаридағы мына хадисте:
حَدّثَنَا الْحُمَيْدِيّ حَدّثَنَا سُفْيَانُ حَدّثَنَا هِشَامٌ عَنْ فَاطِمَةَ عَنْ أَسْمَاءَ
ُقَالَتْ نَحَرْنَا فَرَسًا عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللِّ صَلّى اللُّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ
فَأَكَلْنَاه
Әби Бәкірдың қызы Әсмә
(р.анһа)
:
«Біз Аллаһ елшісінің
заманында бір жылқы сойдық. Сол кезде біз Мәдинада бо-
латынбыз. Бәріміз соныжедік»,
14
– деп Мәдина қаласында
жылқы сойып жегендерін анық айтқан. Егер жылқы еті
мәкрүһ, яки харам болғанда Пайғамбарымыз тыйым са-
лар еді. Алайда Хақ елшісі олардың сойып жегендерінен
хабары болса да ләм-мим демеген.
Және Бухаридағы бір хадисте сахаба Жабир:
ِعَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللِّ رَضِيَ اللُّ عَنْهُمْ قَالَ نَهَى النّبِيّ صَلّى اللُّ
عَلَيْهِ وَسَلّمَ يَوْمَ خَيْبَرَ عَنْ لُحُومِ الْحُمُرِ وَرَخّصَ فِي لُحُومِ الْخَيْل
13
Әбу Дәууд, Нәсәи, ИбнМәжә Халид ибн Уәлидтен жеткізген. Насбур-
Рая, 4/196.
14
Бухари, Саид, 24, 27; Муслим, Саид 36; Нәсәи, Дахая, 33.