Previous Page  16 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 16 / 360 Next Page
Page Background

16

Отбасы ғылымхалы

«Хайбардың (жеңісі кезінде) кезінде Аллаһ елшісі үй

есегінің етін жеуге тыйым салды. Бірақ жылқыға рұқсат

берді»,

15

– деп жеткізеді.

Осыхадистер БухарименМуслимде бар болғандықтан,

алғашқыдан – дәрежесі жоғары. Және Құранда жылқы ту-

ралы айтылғанмен етін жеуге тыйым салмаған.

Осы хадистерге көз салсақ, жылқы етін Мәдина

кезеңінде жегені айтылған. Ал Мекке кезінде жылқы еті

туралы ешқандай дерек жоқ. Әрі Пайғамбарымыз жылқы

етін жеуге рұқсат берсе де, өзі жылқы етін жемеген.

Біздің пікірімізше, бұл жерде мынадай хикмет бар

секілді. Егер Аллаһ елшісі өзі де жылқы етін жеген-

де қуатты сүннет болып Мәдинада жылқы етін жеу

дағдыға айналар еді. Алайда Мәдина кезеңі – жиһадтың

басталған кезеңі. Ол кезде сахабаларда жылқы аз бола-

тын. Сондықтан аттарды соғыста мінетін болғандықтан,

оларды көбейту, бағу кезек күттірмес мәселе еді. Әрі са-

хабалар жылқыны Хайбар қамалын алғаннан кейін жейді.

Бұл кезде мұсылмандар мықты мемлекет болған кезі еді.

Һәм сол арқылы Пайғамбарымыз жылқының халалдығын

да алға тартқан.

Екінші мәселе – жылқы етінің қуаттылығы. Жалпы

жылқы етін көбінесе суық жақта тұратындар көбірек жей-

ді. Мысалы, қазақ халқының өзі ежелден жылқы етін жазға

қарағанда қыста соғымға сойып, көбінесе қыс кезінде жеп

келген. Өйткені жылқы еті, қазы-қарта, жал-жая суық

күнде адам бойын қуаттандырып, денесін қыздырып оты-

рады. Қыстың қақаған аязында жылқының сорпасын ішкен

адамның өзі суықтың не екенін сезе бермейді. Өзбекстанда

күн ыстық болғандықтан өзбек халқы жылқы етін көп же-

15

Бухари. Сайд. Әбу Дәууд, Әтиммә 26; Нәсәи, Саид, 32; Тирмизи,

Әтиммә, 5.