17
Халал мен харам
мейді. Ал енді осындай қазы-қартаны сіз Меккеге барып
күннің 60 градус аптапты ыстығында жейтін болсаңыз,
халіңіздің не болатынын ойлап көріңіз. Айтқандай-ақ, қай
бір жылы қазақтың кейбір қажылары Меккеге жылқы етін
апарып асып жеп ыстықтан жапа шеккен. Сондықтан араб
халқы жылқы етін жемейді
16
. Меккеге қарағанда Мәдина
әлдеқайда салқынырақ. Сондықтан сахабалар қыстың
салқын күндері жеген де болуы мүмкін. Жылқының
осындай ерекшеліктеріне орай Пайғамбарымыз өзгелерге
рұқсат беріп, өзі жемей әр түрлі елдердегі үмбетіне ерік
берсе керек. Ал Халид ибн Уәлидтің
«Пайғамбарымыз
жылқы етін жеуге тыйым салды»,
– дегеніне келсек,
шамасы Аллаһ елшісі сол сөзін аптапты ыстық күндердің
бірінде яки ғазауат кезінде айтқан болуы да мүмкін. Әрі
Әбу Ханифа да осы хадистегі
«тыйым салды»
дегенді
харам деп емес, тәнзиһан мәкрүһ деп ұққанын ескерсек
осы пікірді қуаттағанын аңғарамыз. Дұрысын – бір Аллаһ
біледі.
Үшінші:
Үй есегінің етіне келсек, төрт мәзһабтың
бәрі бірдей харам деп үкім берген. Әрі оған жоғарыдағы
«
Аллаһ елшісі үй есегінің етін жеуге тыйым салды»
17
,
–
деген хадис дәлел.
16
Анадолы түріктерінің жылқы етін мүлде жемеуіне келсек шамасы
олар арабтармен етене жақын араласқандықтан яки жергілікті
халықтың салтына сай туындаса керек. Әрі осыдан мың жылдай
уақыт бұрын сол жаққа қоныс аударған жауынгер ата-бабалары
аттардың соғыста аса қажет болуына байланысты жеуге тыйым
салуынан туындаған да болуы мүмкін.
17
Сонда.