Previous Page  13 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 13 / 360 Next Page
Page Background

13

Халал мен харам

аяттың ақырғы бабына жатады. Яғни Аллаһтан басқаның

атымен бауыздалғандар. Осы аяттарда көрсетілген мал

еттерінің харам екендігі тұрғысында барлық Ислам

ғұламаларының ауызбірлігі бар.

Осы топтардан басқа жан-жануарлардың еттерінің

халал мен харамдығы туралы ғұламалар арасында түрлі

көзқарастар бар.

1. Жыртқыш аңдар тобына жататын, яғни астыңғы

мен үстіңгі жағындағы төрт ұзын және үшкір

тістерімен тістеп аулайтын және өзі де осы жол

арқылы қорғанатын (қолға үйренсе де, үйренбесе

де) қасқыр, арыстан, қабылан, барыс, май-

мыл, шибөрі, ит, мысық сияқты жануарлар мен

шеңгеліне бүріп аулайтын бүркіт, сұңқар, күшіген

сияқты жыртқыш құстар сонымен қатар дәл осын-

дай ерекшелікте болмаса да, жалпы алғанда, өлексе

жейтін құзғын, қарға сияқты құстар, жаратылысы

тұрғысынан жиіркенішті көрінген тышқан, жылан

сияқты жәндіктер, шаян, шыбын, өрмекші тәрізді

ұсақ жәндіктер ғұламалардың басым көпшілігінің

көзқарастарында харам саналған.

2. Сондай-ақ түлкінің еті ханафилерден Әбу Жүсіп

және Имам Мұхаммед бойынша халал саналса да,

ханафиде көбінесе Имам Ағзам бойынша харам

саналған. Ежелден қазақ халқы да Әбу Ханифаның

көзқарасын ұстанып терісін алғанымен етін жеме-

ген. Сонымен қатар аю да Ханафи және Шафиғи

мәзһабында харамға жатады. Әрі тауыс құсы мен

тотықұсШафиғи мәзһабына қарай харам болғанмен

қалған үш мәзһаб бойынша халал саналған. Ал кір-

пі болса Ханафи мен Ханбалилер бойынша харам,