9
Халал мен харамның аражігі
Аллаһ Тағала жер бетіндегі барлық жаратылысты
адам игілігі үшін жаратқан. Бұл оның адамзатқа деген
ерекше шарапаты. Бұл туралы Құранда:
هُوَ الّذِي خَلَقَ لَكُمْ مَا فِي الَْرْضِ جَمِيعًا ثُمّ اسْتَوَى إِلَى السّمَاءِ
فَسَوّاهُنّ سَبْعَ سَمَوَاتٍ وَهُوَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ
«Аллаһ жер жүзіндегі барлық жаратылысты сен-
дер үшін жаратты»
5
, -
деп тікелей айтылады. Бірақ осы
жер бетіндегі нәрселердің бәрін адамзат пайдалануын
да, ішім-жемге келгенде солардың ішінен халалын ғана
ішіп-жеуге тиісті. Алайда адам баласы қайсысының халал,
қайсысының харам екенін біле алмайды. Сол себепті Хақ
Тағала шариғат заңында сол халал мен харамды ажыра-
тып бөліп көрсеткен. Яғни жер бетіндегі жеуге қатысты
нәрселердің қайсысын Құдай Тағала «халал» деп көрсеткен
болса, онда ол халал, қайсысын «харам» деп көрсетсе, ол
харам болмақ. Жаратқан Жаппар Иеге иман келтірген бір
мұсылман әсте «мынау нәрсе маған пайдалы, ендеше, бұл
халал болуы керек, мына нәрсе пайдасыз, ендеше, харам
болуы керек» демей, Аллаһтың шариғатына мойынсұнуы
парыз. Пенде білмейді, Жаратқан біледі. Сондықтан
«Маида» сүресінде: ُ
الْيَوْمَ أُحِلّ لَكُمُ الطّيِّبَات
«Бүгін сендерге
жақсы нәрсе халал етілді»,
6
-
десе, «Ағраф» сүресінде َ
وَيُحِلّ لَهُمُ الطّيِّبَاتِ وَيُحَرِّمُ عَلَيْهِمُ الْخَبَائِث
«Жақсы нәрселерді х -
5
«Бақара» сүресі, 29.
6
«Мәида» сүресі, 5;