Previous Page  6 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 6 / 360 Next Page
Page Background

6

Отбасы ғылымхалы

қисындарына да кеңінен тоқталып, бұл тақырып бары-

сында:

Үйленетін ермен әйелдің бір-бірін көруі; Күйеу жігіт

пен қалыңдыққа тыйым салынған нәрселер; Құда түсіп,

атастырудың пайдасы; Құда түскісі келетінін «исти-

хара» (намазын оқығанға) және келісімге дейін жасы-

ра тұру; Құда түсіп қойған қалыңдыққа басқа адамның

құда түсуінің үкімі; Үйленудің заңдылығына қатысты

дәлелдер; Жасырын, құпия некенің үкімі; Қан туыстығы;

Қайын жұрттық (сихри) туыстық; Сүт туыстығы; Дін

айырмашылығы; Үш талақтан кейін туған үйлену кедергісі;

Көп әйелге қатысты үйлену кедергісі тәрізді мәселелерді

жеке жеке таратып, жан жақты талдайды.

Еңбектің ғылыми негізі дәйекті әрі терең, фықһ

ілімінің жүйесін ұстанған. «Отбасы ғылымхалы» әрбір

мүміннің үйінің төрінен табылатын еңбек деп сенемін.

Сөз соңында, қазіргі таңда осы кітап қамтыған

тақырыптардың қазақ қоғамына қажеттілігінде сөз жоқ.

Хақ Тағала игі істерімізді қабыл етіп бұл кітап иелерінің

амал дәптерлеріне мол сауап жазылуын жалбарына сұрай-

мын. Аллаһ Тағала барлығымызға һидаят бергей!

Рида әд-Дақиқи

Ислам (ақида) ғылымының докторы, Нұр-Мүбарак

Египет ислам мәдениеті университетінің Ашық

сабақ беру және мәдениет орталығының директо-

ры, Исламтану кафедрасының ұстазы