3
Алғы сөз
Күллі мадақ пен мақтау барша ғаламды жаратқан
Аллаһ Тағалаға тән!
Адамзатты қараңғы қапастан құтқарып, мәңгілік
бақытқа жеткізу мақсатымен рақым етіп жіберілген
адамзаттың ақырғы елшісі – Мұхаммедке сәлем жолдап,
мың сан салауат айтамыз!
Біздің алдымызда екі ғалымның аса құнды кітабының
қолжазбасы жатыр. Кітап авторлары исламдағы фиқһ
саласының мамандары. Дінде орта жолды ұстана білген
әрі дінге жаны ашыр жандар.
Бұл кітап «Исламдағы адамдардың жағдайлары» атты
еңбектің кіріспесі болып табылады. Отбасы болудан бастап
барлық қарым-қатынастарды қамтитын кітап. Осы кітап
сырға салу, неке қию, бала тәрбиелеу, отбасындағы нәпақа
мәселесі, жұбайлардың қарым-қатынасы және олардың
арасында болатын міндеттері мен хақтары, жұбайлардың
бірге өмір сүруге мүмкіндігі қалмағанда туындайтын
«талақтың» ажырасу үкімдері және сол секілді әр отба-
сында маңызды орын алатын тақырыптарды қамтыған.
Бұл кітапта фиқһ-шариғат ғылымының докторы
Ата әс-Сынбати мен Құран (тәпсір) ғылымының докто-
ры Мұхитдин Исаұлы көптеген дәлелдер мен қажетті
мағлұматтарды қамти отырып бар күш-жігерлерін са-
лып, жазғандары көрініп тұр. Менің түсінігімде бұл
кітаптың өзекті тақырыптарында «фәтуа» үкім шығаратын
имамдарға, сол секілді қазақ халқының арасында Ислами
іліммен сусындаған шәкірттерге көптеген пайдалы болары
сөзсіз. Сонымен қатар отбасындағы қарым-қатынастар