Previous Page  5 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 5 / 360 Next Page
Page Background

5

Отбасы ғылымхалы

يَا أَيّهَا النّاسُ إِنّا خَلَقْنَاكُم مِّن ذَكَرٍ وَأُنثَى وَجَعَلْنَاكُمْ شُعُوباً

وَقَبَائِلَ لِتَعَارَفُوا

«Ей, адамдар Біз сендерді бір еркек пен бір ұрғашыдан

жараттық»

3

. «Аллаһ Адамды, Нұхты, Ибраһим отбасын

және Имран отбасын таңдап әлемдерге үстем етті. Бұлар

бір бірінен тараған ұрпақтар»

4

.

Сонымен қатар, осы нәсәбқа қатысты тарауда төмен-

дегідей мәселелер арнайы зерттеліп, оқырманға ұғынықты

тілмен баяндалғанын атап өткен жөн:

Баланың ата тегінің айқын болу жолдары; Үйлену-

дегі ата тектің дұрыс болуы; Ер кісінің әке бола алатын-

дай ерекшелігі болуы; Туудың үйленгеннен соң алты ай

мен жүктіліктің ең ұзақ мерзімі арасында жүзеге асуы;

Некелескен соң ерлі зайыптылардың қосылуларына мүм-

кіндіктің болуы; «Фасид» неке бұрыс үйлену; Күмәнді

төсек қатынасы; Ата текті анықтаудың жолдары; Сүт ему

және сүт туыстығы; Үйленуді харам еткен сүт емудің

шарттары; Сүт ему жолы арқылы үйленуге тыйым салу

мәселесі. т.б.

Кітаптағы «Исламда атастыру, сөз салу, құда түсу»

тарауы да қазіргі таңдағы аса өзекті мәселе. Жалпы әлем

халықтарының ішінде қан тазалығы жағынан қазақ халқы

оқ бойы озық тұр. Қазақ халқының үйлену дәстүріндегі

жеті атадан кейін барып қосылу мәселесі шын мәнінде

үлкен тектіліктің айғағы екені күмәнсіз. Осы мәселе ая-

сында қос ғалымның еңбегін ерекше айтып кету керек.

Кітап авторлары дәстүрдің озығы мен оның діни, шариғи

3

Хұжұрат сүресі, 13.

4

Әли Имран сүресі, 33.