Previous Page  4 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 4 / 360 Next Page
Page Background

4

Отбасы ғылымхалы

мәселесінде шариғи ілімге қол жеткізем деген қарапайым

сабырлы оқырман кітапты оқу арқылы айтарлықтай

жетістікке жетеді.

Шын мәнінде бұл әрбір отбасы үшін аса қажет әрі

құнды кітап, бір жағынан алғанда бұл отбасының руха-

ни шежіресі іспетті. Мәселен кітаптағы бір ғана тарауды

мысалға алалық.

«Отбасы ғылымхалында» қос ғалым әрбір пенденің

ата тек шежіресіне қатысты арнайы тарау берген. Бұл

тақырыптың Ислам әдебиеттерінде, фиқһта үлкен маңыз-

ға ие екені мәлім. Кітапта тек нәсәбтің қандық және

туыстық ерекшеліктері бүге шігесіне дейін ғылыми негіз-

де қарастырылған. Әуелі осы сөздің терминдік ерекшелігі-

не кеңінен тоқталған соң, төмендегідей тақырыптарда бұл

мәселені терең талдап ашып берген. Әрбір қарастырылған

тақырып аятпен нақтыланып отырады:

Аллаһ Тағала Құранда:

وَهُوَ الّذِي خَلَقَ مِنَ الْمَاء بَشَراً فَجَعَلَهُ نَسَباً وَصِهْراً وَكَانَ

رَبّكَ قَدِيراً

«Судан адам жаратып, оны ұрпақ және туыстыққа

(қан және үйлену арқылы) айналдырған Сол. Раббыңның

барлық нәрсеге күші жетеді»

1

فَإِذَا نُفِخَ فِي الصّورِ فَلَ أَنسَابَ بَيْنَهُمْ يَوْمَئِذٍ وَلَ يَتَسَاءلُون

«Сұр үрленген кезде сол күні адамдар арасындағы

туыстық қатынас жоғалады. Олар бір бірлерінің ата тек-

терін сұрамайды»

2

. Бір адамнан тараған нәсілге «ұрпақ»

деп айтады. Құранда

1

Фурқан сүресі, 54.

2

Муминун сүресі, 101.