Previous Page  10 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 10 / 360 Next Page
Page Background

10

Отбасы ғылымхалы

лал, жаман нәрселерді харам қылады»

7

, -

деп айқындап

берген.

Ендеше Құран мен хадистерде халал және харам ет-

тер туралы үкім айтылған. Осы заңдылыққа толықтай

көз жүгіртетін болсақ, Құран мен сүннетте еті халал жан-

жануарлардың тізімін емес, тек қағида өлшемдермен

ғана шектелгенін байқаймыз. Олай болса, шариғатта

айтылмаған жан-жануарлар сол өлшемдерге қатысты ха-

лал мен харам болып бөлінбек.

Құрлықтағы жан-жануарлар

Еті халал жан-жануарлар.

1. Сиыр, қой, ешкі, түйе, қоян, тауық, қаз, үйрек,

күркетауық түріндегі үй жануарлары.

2. Киік, арқар, ақбөкен, бұғы, тауешкі, зебра секіл-

ді жабайы жануарлар. Көгершін, торғай, бөдене,

қырғауыл, қараторғай, тырна тәрізді құстардың

еттерінің халалдығы жөнінде ғұламалар арасында

ауызбірлік бар. Осы айтылғандардың бір бөлігінің

халалдығы туралы Құранда айтылса, қалғандары

Құрандағы «жеңдер» деген қағидаға сай жақсы

және таза топтан саналған. Бұлардың жыртқыш

болмағаны, яғни азуларында ұзын және үшкір

немесе шеңгелімен ұстап аң ауламайтыны және

өздерін қорғай алмайтыны айқындалған.

Бұл жерде аққу құс та халалға жатады.

Бірақ қазақ халқы оны ежелден пәктігіне және

қасиеттілігіне қарай «киелі құс» санап жемеген.

Тіпті «аққуды атпа, досыңды сатпа» деп қараған.

7

«Ағраф» сүресі, 157.