12
Отбасы ғылымхалы
медет күтіп, Аллаһ Тағалаға емес соған жақындайын деген
ниетпен Аллаһтың атымен шалса да бұл жерде жасырын
серік қосу болғандықтан, шариғатқа қарсы шыққан бо-
лып есептеледі. Қашан да үкім берерде Хақ Тағаланың
өлшемімен қарау парыз.
3. Сондай-ақ мұсылмандық әдеп бойынша сойылмаған
не болмаса өз-өзінен өлген малдың еті харам
екендігі де Құранда ашық айтылған. «Бақара»
сүресінде:
«Шынайы түрде сендерге өлексені,
(арам өлген малды), қанды, доңыз етін және
Аллаһтан басқаның атымен бауыздалғанды ха-
рам етті»
10
, -
деп айтылса, «Маида» сүресінде:
«Сендерге өлексе, аққан қан, доңыз еті және
Аллаһтан басқаның атымен бауыздалған мал
харам етілді. Сондай-ақ, буынып, ұрылып, құлап,
сүзіліп өлген малдар және жыртқыш аң жеп
кеткен мал да – харам. Бірақ (жаны шықпай)
бауыздағандарың бұған жатпайды. Және тігіл-
ген тасқа (пұтқа) арнап бауыздалған мал ... сен-
дерге харам етілді»
11
,-
деп айтылып, аяттың үкімін
айқындаған.
Әуелгі аятқа көз салсақ, үш түрлі мал етінің харамдығы
айтылған. Атап айтқанда, өлген малдың еті, доңыз еті
және Аллаһтан басқаның атымен бауыздалған малдың
еті. Екінші аятта осылар қайталануымен қатар бұдан
бөлек алты бап берілген. Бірақ осылардың бесеуі (буы-
нып, ұрылып, құлап, сүзіліп өлген және жыртқыш аң жеп
кеткен мал) негізінде алғашқы аяттағы бірінші бапқа жа-
тады. Яғни бұлар да өлексе тобына кіреді. Ал алтыншы
бап (тігілген тасқа, пұтқа арнап бауыздалған мал) бірінші
10
«Бақара» сүресі, 173.
11
«Маида» сүресі, 3.