Previous Page  18 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 18 / 360 Next Page
Page Background

18

Отбасы ғылымхалы

Борсықтың майын ем ретінде ішуге бола ма?

Борсық – жұмыр денелі, сүт қоректі, сусар тұқымдас

жыртқыш аң

18

. Жалпы атам қазақ борсықты жақсы аңға

баламаған. Мысалы, «борсықтай ұрған сайын семіреді»

(мақал), «борсықша сорды» т.б. Тіпті ауыспалы мағынада:

«Ел үстінен күн көрген арамтамақ» деп айтылған. Ендеше,

ежелден қазақ халқы борсықтың харамдығын жақсы біл-

ген. Ал бір хайуанның еті харам болса, оның майы да

харам болмақ. Ендеше, борсықтың майы халал емес. Ал,

зәрулікке келсек, ол басқа мәселе. Бүгінгі таңда оның

орнын басатын өзге дәрі-дәрмек жоқ деудің қисыны кел-

мейді.

Судағы жан-жануарлар

Құранда теңіздегі жан-жануардың халал екендігі

айтылған. «Мәида» сүресінде: ُ

أُحِلّ لَكُمْ صَيْدُ الْبَحْرِ وَطَعَامُه

«Сендерге теңіз аңдарын және оны жеу халал етілді»,

– деп айтылса

19

, «Фатыр» сүресінде:

وَمِنْ كُلٍّ تَأْكُلُونَ لَحْمًا طَرِيّا

«... Әрбірінен жас ет (балық) жейсіңдер»,

20

– деп беріл-

ген. Аллаһ елшісінен де теңіз жайлы сұралғанда: «Оның

суы таза, өлісі халал», – деп жауап берген

21

.

Ислам ғұламалары осы аят пен хадистерді негізге ала

отырып пікір білдірген.

1. Балық түрлері барлық мәзһабтар бойынша халалға

жатады. Оларды бауыздап жатудың қажеті жоқ.

Алайда Ханафилер бойынша, суда өздігінен өліп

су бетінде қалқып жүрген балықтар жеуге жара-

18

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 2 том. 374 бет. 1976. Алматы.

19

Қараңыз; «Маида» сүресі, 96 аят.

20

«Фатыр» сүресі, 12 аят.

21

Әбу Дәууд, Тахарат, 41; Тирмизи, Тахарат, 52.