Previous Page  24 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 24 / 360 Next Page
Page Background

24

Отбасы ғылымхалы

деген қағида бар. Ендеше осы қағидаға сай жылқының еті

халал болғандықтан оның сүті де халал болмақ.

Һәм жылқының сүтінің ашуы яки бұзылуы арқылы

ішімдікке ұқас спиртке айналатын болғанда сөзсіз

Пайғамбарымыз тыйым салар еді. Алайда хадистерде

жылқының етіне рұқсат берілгені айтылып, сүті жайында

ешбір хадис кездеспейді.

Һәм атам қазақ кеше не бүгін ғана мұсылман болған

халық емес. Қазақ халқының мұсылмандық тарихы

мың жылдан асып жығылады. Осы ғасырларда түркі

топырағында жүз мыңдаған ғұламалар шыққан. Егер

қымыздың адамды аз да болса мас қылатын бір әсері

болғанда сөзсіз түркі жұртының ғалымдары «харам»

деп пәтуа шығарар еді. Қазақ топырағынан шыққан әс-

Сығынақи тәрізді фиқһ ғұламалары харам мәселесіне

келгенде бізден әлде қайда сақ әрі тақуа һәм ілімі ұшан

теңіз болатын. Алайда бұл туралы кітаптарда «харам»

деген пәтуа тұрмақ «мәкрүһ» деген үкімдері де жоқ. Имам

Ағзамның өзі жылқы етін «мәкрүһ» десе, жылқының сол

заманда «соғыс көлігі» болуына байланысты айтқан. Имам

Ағзамның жылқы сүтінің яки қымыздың мәкрүһтігіне

қатысты үкімі кітаптарда кездеспейді.

Малдың сойылуы

Сойылатын мал сөзсіз тірі болуы қажет. Ғұламалардың

басым көпшілігі мал соярда малдың қарекет етуі және

қанының ағуы керектігін алға тартады. Әбу Ханифа

бойынша, малдың тірі екендігінің білінуін ал Ахмед ибн

Ханбәл болса, қанының ағуын жеткілікті санайды.

Малды соятын адамның ақыл-есі дұрыс, есін білетін,

мұсылман және әһлі кітаптан болуы (христиан мен яһудей)

һәм ихрамда (қажылық кезі) болмауы, малды Аллаһтың