Previous Page  25 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 25 / 360 Next Page
Page Background

25

Халал мен харам

атымен бауыздауы қажет. Мал соятын адамның әйел, не

ер болуы шарт емес. Екеуінің де мал соятын мүмкіндігі

бар. Әрі әйелдің хайыз кезі де оның мал союына кедер-

гі келтірмейді. Әйелдің мал союына мына хадис дәлел.

«Қағб ибн Мәліктің күңі Сел тауында қой бағып жүреді.

Осы қойлардың бірі аяқ астынан жарақаттанып қалады

да, оны көрген әлгі күң қолына тас алып әлгі малды ба-

уыздайды. Қағб Пайғамбардан (аләйһис-саләту уәс-сәләм)

осы жайлы сұрағанда ол: «Жеңдер» деп жауап береді»

25

.

Қазақ халқында мал сою ер кісінің ісі болғандықтан,

әйел соймайды. Бұл дәстүрге, әдептілікке қатысты жайт.

Өйткені әйелдің жаратылысы қашан да нәзік. Сондай-ақ,

мал соятын адамның балиғат жасына да жетуі шарт емес.

Аллаһ атымен союды ұға алатын ес білетін жасқа келсе

болғаны.

Ғұламалар ақыл-есі жарым не мас адамның сойған

малы халал еместігін алға тартады. Өйткені бұлар есін

білмеген баладай не істеп қойғандарын білмейді.

Әһлі кітапқа келсек, оларға христиан мен яһудейлер

жатады. Хақ Тағала оларды мүшрік пен пұтқа табынушы-

лардан бөлек қарап қыздарына үйленуге, сойған малдарын

жеуге мұсылмандарға рұқсат еткен. Құранда:

ْالْيَوْمَ أُحِلّ لَكُمُ الطّيِّبَاتُ وَطَعَامُ الّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ حِلّ لَكُمْ

وَطَعَامُكُمْ حِلّ لَهُم

«Бүгін сендерге жақсы нәрселер халал етілді. Әһлі

кітаптардың да тамағы (бауыздағандары) сендерге,

сендердің де тамақтарың оларға халал етілді»,

26

– деп

айтылады. Олардың жейтін тамақтарынан доңыз, шарап

25

Ахмед пен Бухари жеткізген. Нәйлул-әутәр, 5/139.

26

«Маида» сүресі, 5 аят.