Previous Page  22 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 22 / 360 Next Page
Page Background

22

Отбасы ғылымхалы

Нерв жүйесі де қымыздың әсерінен тыс қалмайды. Қымыз

ішкен адамның бойында сергектік пайда болады»

23

.

Осындай пайдалы қымызды халал емес деп айтуға

болмайды. Хақ Тағала әрбір нығметін адамның пайдасы-

на берген. Мысалы қауын-қарбыз жазда жеуге арналған.

Оны қыста рахаттанып жей алмайсыз. Сол сияқты

түйе мен жылқының орындары да әр басқа. Соған орай

қазақ халқының өзінде түйені көбінесе ыстық аймақта

тұратындар бағып, шұбатын ішеді. Өйткені шұбат күннің

аптапты күндерінде ішсеңіз шөліңізді басады. Ал жылқыны

көбінесе суық жақта өмір сүретіндер бағып, қымызын

ішеді. Өйткені қымыз суыққа жақсы. Қымызды аптапты

ыстық жерде ішсеңіз шөліңізді баспай, қайта шөлдете бе-

руі мүмкін. Сондықтан шөлде өмір сүретін арабтар да бие

сүтін ішпейді. Ыстық жерде қымыз тез бұзылады. Әйтсе

де қазақ халқы сонау сақтар дәуірінен бері жылқы етін

жеп, қымызын ішкендіктен мінезі де соған ұқсап осынау

байтақ жерді қызғыштай қорғаған. Алайда қазақ елінде

соңғы ғасырда тың иігеріліп жылқы азайып, қазақ аттан

түскенде, қымыздың орнына ішімдіктің түр-түрін ішкенде

өзінің ақсүйектік геніне балта шапқандай күй кешкені

мәлім. Ал қазіргі заманда «жығылғанға жұдырық» деген-

дей жылқы еті –мәкрүһ, қымызында спирт бар десек онда

біздің ұтылғанымыз. Иә, қымыздың құрамында спирт бар.

Әлсіз қымызда – 1 пайыз, орташа қымызда – 1,5 пайыз,

күшті қымызда – 1,75-тен 3,0 пайызға дейін спирт болады.

Бірақ бұл спирт шараптың құрамындағы спирттен мүлде

бөлек. Қымыздағы спирт табиғи жолмен пайда болған

спирт. Әрі химиялық молекуласы өзгеше құрамда. Ал

адамды мас қылып ақылынан айыратын ішімдіктер жа-

санды жолмен бұзылу арқылы пайда болған спирт.

23

Сонда, 7-8 беттер.