Previous Page  62 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 62 / 360 Next Page
Page Background

62

Отбасы ғылымхалы

ішімдіктер яғни спирттік заттар да лас нәрсеге жатады.

Яғни спирт төгілген жер таза болып саналмайды. Намазға

кедергі жасайды. Әрі олардың ішілуі де харам. Олар (уахид

хабар болып жеткен)

«Турасы жүзімнен жасалғанда

бір

хамр, құрмадан жасалғанда

бір хамр, балдан жасалған

да

бір хамр, бидайдан жасалғанда

бір хамр, арпадан

жасалғанда

бір хамр бар»,

– деген хадисті дәлел етіп

көрсетеді. Айтқандай-ақ, Құранда шараптың харамдығына

қатысты үкім түскен заманда осы бес нәрседен ішімдік

жасалатын.

Олай болса, бұл тақырыпты тұжырымдап былай деуге

болады.

Имам Ағзамның көзқарасы бойынша тек жүзімнен

жасалған ішімдіктер тікелей лас нәрсе болып тиген жерін

ластайды. Ал қалған сприттік сұйық заттар тиген жерін

ластамайды. Олардың ішілуі ғана харам. Сондықтан

спирттік сұйық заттарды пайдалы нәрселерге пайдалануға

болады. Ине салғанда, жараны тазалағанда, т.б.

Имам Шафиғи мен серіктері болса аталмыш хадисті

дәлел етіп көрсетіп «хамрды» барлық ішімдіктің атауы

деп күллі спирт атаулыны лас деп қабылдап тиген жер-

лерін ластайды деп үкім берген. Бірақ Шафиғи ғалымдар

осы көзқарасқа қарай «лас» десе де, спирттік сұйық зат-

тар араласқан дәрілерді «кешірілген» деп санаған. Яғни

олардың көзқарастары бойынша спирттік сұйық заттарды

пайдалануға болады.

Қорытындылайтын болсақ, шарап, шампан, арақ және

коньяк секілді ішімдіктер төгілген жерге намаз оқуға бол-

майды. Олар денеге немесе киімге тиетін болса сөзсіз

жуылуы қажет. Өйткені олар зәр секілді «ластыққа»

жатқандықтан намазға кедергі жасайды.