67
Халал мен харам
жансыз нәрсенің суретін салу мүбаһ екендігіне ишарат
етеді»
106
дейді.
Бірақ бұл жерде айтылмай кеткен бір нәрсе бар.
Жебірейіл періште «суреттердің не бастарын жұл яки пер-
дені жерге төсе», – дейді. Яғни бастарын жұлмай жерге
төсеуіңе болады деп тұр.
Мәлики ғалымы Ибнул-Араби осы хадистерге қарап:
«Егер суреттер мүсін болатын болса, оның харамдығында
ғалымдар арасында бірауыздылық бар. Бірақ матада ою
және өрнек түрінде болса, бұған қатысты төрт қөзқарас
бар.
Бірінші:
хадисте «мата бетіндегі өрнек бұған жат-
пайды» деген сөзге қарай мата бетіне салынған сурет, ою,
өрнек – мүбаһ.
Екінші:
Суретке қатысты хадистердің жалпы мәніне
қарай сурет салу харам.
Үшінші:
Егер сурет толықтай бір бүтін болса бол-
майды. Алайда тұтастығы бұзылса болады.
Төртінші:
Егер сурет қабырғаға яки биік бір жерге
ілінетін болса бұған тыйым салынады. Алайда жерге төсеп
маңыз бермейтін заттың бетін салынса болады
107
.
Шафиғи ғалымдарынан Нәуәуи суретті де мүсінді де,
жанды болса, харам екендігін айтады. Ал ағаш, тау, т.б
суреттер харам емес.
Сондай-ақ ғалымдар – қуыршақтарды салу мүбаһ екен-
дігін айтады. Ендеше бүгінгі таңда мултфилмьдер де осы
топқа жатады. Оған жоғарыдағы хазіреті Айшаның жас
кезіндегі қуыршақтары дәлел. Басқа бір хадисте де бірде
Хақ пайғамбар Тәбук яки Хайбар сапарынан оралған кезде
хазіреті Айшаның бөлмесіне кіреді. Бөлмедегі пердені жел
106
Сонда.
107
Илмиһал, ИСАМ, 2/101.