71
Халал мен харам
Әйтсе де ғалымдардың бәрі бірдей емес, Ханафи,
Мәлики және Ханбали ғалымдары арасында аспапсыз
жалаң әннің мүбаһтығын алға тартқандар да бар
113
.
Енді төменде әуезге қарсылық білдіргендердің
сүйенген аяттары мен хадистер келтіріліп, бұлардың
сүйенген дәлелдері қаншалықты дұрыс, не бұрыстығы
салыстырылады.
Бірінші:
ٌوَمِنَ النّاسِ مَنْ يَشْتَرِي لَهْوَ الْحَدِيثِ لِيُضِلّ عَنْ سَبِيلِ اللِّ بِغَيْرِ
عِلْمٍ وَيَتّخِذَهَا هُزُوًا أُولَئِكَ لَهُمْ عَذَابٌ مُهِين
«Кейбір адамдар ешбір (дәлелге) білімге сүйенбестен
елді Аллаһтыңжолынан адастыру үшін мән-мағынасыз
жыр-дастандарды сатып алып соларды халыққа жая-
ды. Бұлар өздерін қорлайтын ауыр азап күтіп тұрған
адамдар».
114
Бұл аяттағы «мән-мағынасыз бос сөзге қатысты»
(ләһуәл-хадис) тәпсіршілер екі көзқарас білдірген.
1. Аяттағы «ләһуәл-хадистің» мағынасы «ертегі»,
«астарсыз сөз», «сандырақ» дегенге саяды. Аяттың
түсу себебіне қатысты мына хабар да осыны
қуаттайды. Надр ибн Харис деген бір адам Парсы
еліне сауда-саттықпен барғанда сол жерден әр түрлі
ертегі, дастандар сатып алып құрайыштықтарға
әңгімелеп: «Мұхаммед сендерге Ад пен Сәмүд елі
туралы хикая шертеді. Мен де сендерге Рүстемнің,
Бәһлулдің ертегі жыр дастандарын айтып берейін»,
– деп халықты Құранды тыңдаудан алшақтатуға
113
Қараңыз; Зуһайли, 3/573.
114
«Лұқпан» сүресі, 6 аят.