Previous Page  76 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 76 / 360 Next Page
Page Background

76

Отбасы ғылымхалы

арман бар ма?! Мен кәпір болып өліп, арғы жағалауға иман-

сыз кетемін деп қатты қорқып жылап жатырмын» деп жауап

қатады. Бұл – өмір бақи Хаққа бас иіп, құлшылық қылып

өтсе де өлерінде иманмен кетуді арман еткен тақуаның біз-

дерге өшпес өнегесі

.

Хазіреті Пайғамбардың

ынталандырған спорт түрлері

Жүгіру жарысы.

Жүгіру – бұл күндегі мықты спорт

жарыстарының бірі. Хадистерде Аллаһ елшісі осы спорт

түріне сахабаларды ынталандырған. Осыған орай сахаба-

лар да өзара жүгіріп жарысқан. Сондай-ақ, Хақ пайғамбар

да бірде хазіреті Айшамен жүгіріп жарысады. Ендеше, бұл

спорт түрін сүннет деп, осы тұрғыда халықты, әсіресе,

жастарды жүгіру жарысына баулуға болады

123

.

Күрес

. Хазіреті Пайғамбар балуандығымен танылған

Руқанә деген бір адаммен күресіп, оны жеңгендігі кейбір

деректерден мәлім

124

. Оның үстіне бір хадисте

«мықты

мұсылман әлсіз мұсылманнан хайырлы»,

– дегені де бар.

Ендеше спорттың күрес түрімен айналысқандар да оның

Пайғамбардың сүннеті екенін біліп, сол тұрғыда ниет етсе

үлкен сауапқа ие болары сөзсіз.

Садақ ату.

Садақ ату, мылтық ату жарысына келер

болсақ, Аллаһ елшісі

(саллалаһу аләйһи уә сәлләм

)

«Оларға қарсы

қолдарыңнан келгенше күш әзірлеңдер»

125

деген аятты

– оқ ату деп түсіндірген. Сонымен қатар Аллаһ елшісінің

(саллалаһу аләйһи уә сәлләм)

садақ атуға ынталандырған көптеген

123

Әбу Дәууд, Жиһад, 68.

124

Ибн Хишам, Сияр, 1/390-391.

125

«Әнфәл» сүресі, 8/60.