72
Отбасы ғылымхалы
тырысады. Осыған байланысты сол кезде осы аят
түседі.
2. «Ләһуәл-хадистің» мәні туралы екінші көзқарас
болса, ол әуез бен ән. Әлгі Надр деген адам Парсы
елінен әнші күңдерді сатып алып, Меккеге алып
келіп елге тыңдатып оларды Құраннан алшақтатуға
ат салысады.
Негізінде бұл екі хабардағы адамның мақсаты – елді
Құраннан алшақтату. Бірі ертегі, жыр-дастан, яғни бос сөз
арқылы, екіншісі тікелей ән мен әуез арқылы ел алдында
әншілерді билетіп, ән айттырып оларды діннен аласта-
тып, адастыру. Ендеше осы екі тұжырымға орай кейбір
ғалымдар музыканы харам деп үкім берген.
Егер біз бұған тікелей ой салмай қарайтын болсақ,
онда әуенмен бірге жыр-дастан яғни сөз де түгелдей
харам болмақ. Өйткені аяттың бірінші мағынасы сөзге,
екінші мағынасы әнге қатысты. Алайда аяттың мәні
«мән-мағынасыз жел буаз бос сөз»
болғанын әрі ондағы
мақсат елді
«Құраннан алшақтатып, діннен бездіру»
екендігіне қарағанда бұл жердегі харам болған нәрсе –
елді Аллаһтан, пайғамбардан, діннен аластатын сөздер
мен әуендер. Ендеше осы аят бойынша адамды діннен
бездіріп, нәпсісін қоздыратын, дінсіздікке үгіттеп көкейге
күмән салып жолдан тайдыратын барлық ертегі, жыр-
дастан, хикая, повесть, роман, өлең харам. Сондай-ақ,
естіген жанның әсіресе жастардың нәпсісі мен делебесін
қоздыратын, желіктіріп санасын сансырататын, өзіне елік-
тіріп тыңдағанды Аллаһты ойлаудан алшақтатын, жүрегін
қарайтып, иманын әлсірететін, қоғамды мәңгүрттікке же-
телейтін, тыңдау арқылы ойсыздық құрдымына тастайтын,
ұйықтай өзіне тартып бойкүйездікке апаратын, көркем