68
Отбасы ғылымхалы
көтерген кезде астынан хазіреті Айшаның қуыршақтары
көрініп қалады. Пайғамбарымыз
(саллалаһу аләйһи уә сәлләм)
:
«Айша! Бұлар не?», – деп сұрайды. Ол: «қыздарым» деп
жауап береді. Хақ пайғамбар ойыншықтардың арасынан
екі қанатты бір ат ойыншықты көріп:
- Ал мынау не? деп сұрайды. Хазіреті Айша:
- Ат.
- Оның екі қапталындағы не нәрсе?
- Қанаттары.
- Екі қанатты ат осындай ма?, – деп таңырқайды.
- Сүлеймен пайғамбардың көптеген қанатты атта-
ры бар екенін есітімеп пе едіңіз?, – дегенде Хақ
пайғамбар күлімсіреп қарайды
108
.
Сондай-ақ, «Хазіреті Айша (р.анһа) бетінде құстың
суреті бар бір пердесі бар еді. Оны үйге кірген адамның
көзіне түсетін жеріне іліп қойған болатын. Хазіреті
Пайғамбар
(саллалаһу аләйһи уә сәлләм)
оны көрісімен:
«Айша!
Мына перденің орнын өзгерт. Үйге кірісімен оны көріп
дүниені еске түсіремін»
,
109
–дейді деген хадиске де көз
салсақ, сурет салудың харам еместігі аңғарылады. Егер
харам болғанда Пайғамбар оны жерге төсеп емес мүлде
жоюын әмір ететін еді.
Ал Хақ пайғамбардың суретке қатысты қатты ес-
кертпелеріне келсек мұның себебін ғалымдар сол кездегі
пұтқа табынушылыққа тікелей қатыстылығын айтады.
Ибн Арабидің сөзімен айтқанда, «Жаһилия кезінде араб-
тар пұтқа табынатын еді. Олар өз қолдарымен сурет, мүсін
салып соған табынатын. Ислам діні пұтқа табынуға арқау
болатын нәрселерге тыйым салу арқылы тәухид жүйесін
108
Әбу Даууд, Нәсәи. Хазіреті Айшадан.
109
Муслим, Либас, 88.