Previous Page  80 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 80 / 360 Next Page
Page Background

80

Отбасы ғылымхалы

Мәзһабтар арасында бұл ойынға жылы қараған Имам

Шафиғи ғана. Ол бұл ойынды санасын шыңдап, ойлау

жүйесін кеңейту, соғыс тактикалары мен қулықтарын

үйрену тұрғысында үйретуші екендігін және осы жағынан

садақ ату мен атқа мінуге ұқсайтындығын алға тартып

шахмат ойынына рұқсат берген. Шафиғилардан Имам

Нәуәи шахмат ойынын харам емес, мәкрүһ екендігін айта-

ды. Бірақ құлшылыққа кедергі жасамау және терең беріліп

күнін босқа өткізбеу шартымен ғана рұқсат етілген.

Ендеше ИмамШафиғидың осы пәтуасымен амал етуге

де болады.

Тоғызқұмалақ туралы не айтасыз?

Тоғызқұмалақ – қазақ ата-бабамыздың сан ғасырдан

бері ойнап келе жатқан ойыны. Мың жылдан астам

мұсылман болып, араларынан небір дүлдүл ғұламалар

шыққанына қарғанда әрине мұның рұқсатын сол заман-

дарда берілгені айқындалады. Тоғызқұмалақтың да шарт-

тары шахмат ойынымен бірдей, яғни күн ұзақ ойнап, соған

беріліп Аллаһ Тағаланы зікір етуден, Оған құлшылық

қылудан қашықтатпауы керек. Тоғызқұмалақты құмар

ойындары секілді ақшаға ойнауға болмайды.

Бильярд пен теннис

Бильярд спорт ойының халал түріне жатады. Дене

қимылына және көзге пайдасы зор. Мұның да шарттары

бар: Бастысы ақша тігіп ойнамауы қажет. Екінші, уақытты

ысырап етпеуі керек. Үшінші, ойналған жер халал мекен-

де болуы шарт. Яғни бильярд үстелі казино, арақ-шарап

ішетін лас орындарда болмауы қажет. Болған жағдайда

жалпы іс-әрекет сол казино ойынының бір бөлшегіне ай-

налады.

Теннис ойынының да үкімі солай.