Previous Page  100 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 100 / 360 Next Page
Page Background

100

Отбасы ғылымхалы

Юсупке қарай, көп болғаны негізге алынады. Аз болғаны

есепке алынбайды. Сүттердің өлшемі тең болса, арала-

сып кеткендіктен екі әйел жағынан да сүт туыстығы

туады. Маликилер мен Имам Мұхаммед және Зуфарға

қарай, мұндай жағдайларда екі әйел жағынан да сүт

туыстығы туады. Сүттердің тең, не кем болуы нәтижені

өзгерте алмайды, сондықтан екі бірдей нәрсе басымдық

көрсетпейді

165

.

Сонымен қатар сүттің белгілі бір жасқа дейін емізілуі

де маңызды.

Көпшіліктің көзқарасына қарай туыстық еткен

сүттің алғашқы екі жыл ішінде емілуі қажет. Өйткені

аятта

«Аналар балаларын толық екі жыл емізеді»

деп

айтылған. Ата-тегі жағынан туыстығы болған балаларға

қатысты осы үкім сүт емген басқа балаларға да қатысты.

Хадисте

«Сүт туыстығы тек екі жыл ішінде емізген

сүтте пайда болады»

166

.

Әбу Ханифа бойынша, сүт ему мерзімі – отыз ай.

Бұған мына аят дәлел:

«Баланың құрсақта болуы мен

сүттен айырылу мерзімі

отыз ай»

167

.

Ендеше отыз айдан асқан бала өзге бір әйелді еметін

болса, онда ол әлгі әйелдің сүт баласы бола алмайды.

Сөз соңында, сүт арқылы туыстықтың үкіміне келер

болсақ, бір анадан сүт емген қыз бен жігіт бір-бірлеріне

үйлене алмайды. Білмей үйленіп, кейіннен білетін бол-

са дереу ажырасулары қажет. Мұндай сүт бауырлардың

қиылған некелері Әбу Юсуп пен Имам Мухаммед бойын-

ша мүлде жарамсыз.

165

Хамди Дөндүрен, Делиллериле аиле ілмихалы, 316бет. Станбул.

1995.

166

Бухари.

167

«Ахқаф» сүресі, 15 аят.