165
Хитба, сөз салу, құда түсу
сол нығыметтің ең қайырлысы – игі әйел»,
- деп айта-
ды.
273
Сондай-ақ Әбу Һурайрадан
(р.анһ)
риуаят етілген ха-
дисте Аллаһтың елшісіне
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
«Қайсы әйел
жақсырақ?» -деген сұрақ қойылған. Сонда ол
(аләйһис-саләту
уәс-сәләм)
:
«Егер қарасаң қуандыратын, бір нәрсе бұйырсаң
бағынатын және өзі мен малына қатысты мәселелерде
өзіңе қарсы шықпайтын әйел»
-деген
274
.
Мағауия ибн Қарра әкесінен риуаят еткен дерек-
те: «Бірде Омар ибн әл-Хаттабтың адамдарға арнаған
құтпасында (уағызында): «Аллаһқа иман келтіргеннен
кейін қандайда бір пенде көркем мінезді, өзі ұнататын
және бала туатын әйелден өткен жақсылық көрген емес.
Сондай-ақ Аллаһқа күпірлік келтіруден кейін тілі өткір,
мінезі нашар әйелден өткен жамандық көрген емес.
Аллаһпен ант етемін, олардың ішінде олжа ретінде алын-
байтын және өтем ақы ретінде құтылуға лайық әйелдер
бар»,-деп айтқан.
275
2. Көп балалы болуы
تزوجوا الودود الولود ، فإني مكاثر بكم النبياء يوم القيامة
«Сендер өздерің жақсы көрген және бала туа ала-
тын әйелдерге үйленіңдер, өйткені мен Қиямет күні
(басқа) пайғамбарлар алдында сендердің көптіктеріңмен
мақтанамын»,
- деді делінген.
276
3. Тұрмыс құрмаған қызбен үйлену.
Бір хадисте Аллаһтың елшісі
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
:
273
Сунан әл-Бәйһәқи әл-Кубра, 7-том, 80-бет, 13246- хадис.
274
Сунан әл-Бәйһәқи әл-Кубра, 7-том, 82-бет, 13255-хадис.
275
Сунан әл-Бәйһәқи әл-Кубра, 7- том, 82-бет, 13257-хадис.
276
Сунан әл-Бәйһәқи әл-Кубра, 7-том, 81-бет, 13254-хадис.