168
Отбасы ғылымхалы
Мәликилер бойынша сыйлықтардың жағдайы
хитбаны бұзған ер не қыздың қарекетіне қарай
өзгереді. Егер хитбаны еркек бұзған болса
ешқандай сыйлықты кері ала алмайды. Тіпті
сыйлықтың тұруы не жұмсалып кетуі да нәтижеге
әсер етпейді. Егер бас тартқан қыз болса, еркек
сыйлықтарын кері қайтарып алуына болады. Ал,
сыйлықтар жұмсалып кетсе, қыз бұлардың құнын
төлейді.
Шафиғи мен Ханбалилер бойынша, хитба бұзылған
кезде сыйлықтарды кері ала алмайды. Өйткені
сыйлық һибә үкімінде болып һибәден айну беріліп
қойған соң дұрыс болмайды. Әкенің баласына бер-
ген һибәсі бұдан бөлек нәрсе.
Хадисте:
«Бір әйел неке келісімінің жауапкер-
шілігін мойнына алғанға дейін өзіне берілген мәһір,
сыйлық яки уағда етілген нәрселердің барлығы
әйелге берілуі тиіс. Неке келісімінің жауапкер-
шілігі мойнынан алынғаннан кейін берілгендер,
кімге берілсе соған тиесілі»
281
.
Шығын төлемі
1. Хитба келісім шарт емес, тек сөз беру ғана.
Сондықтан сөзінде тұрмаған адам айыпты болса
да арнайы шығын қайтарылмайды.
2. Хитба кезеңі – үйленудің іргетасын мықтаудың
дайындықтары, ал көп дүние төленген болса, бұл
екі жақты үйленуге мәжбүрлейді. Үйленген соң
көп ұзамай ажырасып кетуі хитбаның бұзылуынан
да жаман.
281
Нәсәи,