163
Хитба, сөз салу, құда түсу
үстінен құда түсуге тыйым салынғанымен некенің шарт-
тарынан болмағандықтан некесі бұзылмайды.
Қалыңдыққа күйеу жігіттің жаман
сипаттарын айтып ескертуге бола ма?
Кімде-кім күйеу жігітке қатысты өз пікірін білдірген-
де, оның кемшіліктерін айтуда тек турашыл болуы керек,
ол ғайбат болып есептелмейді. Фатима бинт Қайстан ри-
уаят етілген деректе Әбу Амр ибн Хафс оны сыртынан
талақ қылып, өз егінінің бидайымен бір өкілін жібереді
де: «Мен саған еш нәрсе беруге міндетті емеспін»,- дей-
ді. Фатима болған жағдайды Пайғамбарға
(аләйһис-саләту уәс-
сәләм)
баяндағанда Аллаһтың елшісі
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
:
«Ол
(Әбу Амр) саған еш нәрсе беруге міндетті емес»,-
деп,
талақ етілгеннен кейінгі мерзімі біткенше Умму Шәриктің
үйінде күтіп отыруын бұйырды. Одан соң:
«Ол әйелдің
келіп тұратын достары (туыстары) көп, сен Ибн Умму
Мактумның үйінде отыр, ол көзі көрмейтін зағип жан.
... мерзімің біткен соң маған келерсің»
- деді. Мерзімім
біткеннен соң оған барып, Мағауия ибн Әбу Суфиян
және Әбу Жәһм маған құда түскендерін айттым. Сонда
Аллаһтың елшісі
(
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
: «Әбу Жәһм болса,
мойнынан асасын түсірмейді. Ал, Мағауия болса оның
мал-мүлкі жоқ. Одан да Усама ибн Зейдке тұрмысқа
шық»- деді. Мен ұнатпадым. Кейін тағы да «Усама ибн
Зейдке тұрмысқа шық»
-деген соң мен оған тұрмысқа
шықтым. Сөйтіп, Аллаһ Тағала ол некеден көп қайыр
қылды»
270
.
270
Муслим, 2-том,1114-бет, 1840-хадис.