Previous Page  159 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 159 / 360 Next Page
Page Background

159

Хитба, сөз салу, құда түсу

мақтап, дәріптеп, былай деп дұға қыл: «Ей, Аллаһ! Сен

құдіреттісің, сен білесің, ал мен болсам білмеймін, әрі

Сен ғайып нәрселерді білушісің. Егер әлгі әйелде (атын

айтып) мен үшін дініме, дүние істеріме және ақыретіме

жақсылық бар болса, оны маған нәсіп ет. Ал одан

басқа әйел мен үшін менің дініме, дүние істеріме және

ақыретіме жақсырақ болса, соны маған нәсіп ет»,

деп

айт»,

деген.

266

«Истихара» намазын тек мұндай кезде емес кез-келген

істің жақсысын таңдауда оқи беруге болады. Истихара –

бір нәрсенің жақсысын, қайырын, игілігін тілеу. Истихара

намазы жақсы істердің қайсысы өз үшін қайырлы әрі

жақсы болатындығына рухани ишарат, білу мақсатымен

оқылатын екі рәкат намаз. Алғашқы рәкатта – «Кафирун»,

екінші рәкатта – «Ықылас» сүресін оқу – мұстахап.

Намаздан кейін истихара дұғасы оқылады. Дұғаны

оқығаннан кейін жүрегінің қанағат еткеніне қарай әрекет

етеді. Осы намаздың дәлелі мынау: Жабир ибн Абдиллаһ:

«Аллаһ Елшісі

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

Құраннан сүре

үйреткендей истихараны үйретіп былай деді: «

Кімде-кім

бір іс жасамаққа ниеттенгенде, парыздан тыс екі рәкат

намаз оқып, мына дұғаны оқысын

:

Оқылуы:

{أللهُمّ اِنِّى اَسْتَجيرُكَ بِعِلْمِكَ وَ اَسْتَقْدِرُكَ بِقُدْرَتِكَ وَ اَسْئَلُكَ مِنْ

فَضْلِكَ الْعَظيمِ فَاِنّكَ تَقْدِرُ وَ لَ اَقْدِرُ وَ تَعْلَمُ وَ لَ اَعْلَمُ وَ اَنْتَ

عَلّمُ الْغيوبِ.

266

Сахих Ибн Хиббан (354 һ.ж.қ.б.) 9-том,348-бет, 4040-хадис.

Муассасаһ ар-Рисалаһ, Бейрут 1993. 2-басылым.