Previous Page  161 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 161 / 360 Next Page
Page Background

161

Хитба, сөз салу, құда түсу

Егер бұл іс менің дінім, өмірім, ісімнің ақырына және

дүние мен ақырет әлеміме жаманат әкелетін болса, менен

алыстат. Мені де одан алыстат. Жүрегімде оған деген

иілудің ізін қалдырма. Жақсылыққа, тек жақсылыққа жет-

кіз. Содан кейін онымен мені разы ет».

Осыдан кейін мәселе айқындалмаса, намаз бен дұғаны

жеті күн қайталау қажет. Пайғамбарымыз Әнасқа былай

дейді:

«Әнас! Бір іс жасағың келсе, Раббыңа истихара

намазы мен истихара дұғасын жеті рет қайтала. Содан

кейін жүрегің қалағанын ал. Жақсылық сонда»

267

.

Құда түсіп қойған қалыңдыққа басқа

адамның құда түсуінің үкімі

Құда түсіп қойған әйелге басқа біреудің құда түсуі

харам. Оған:

1. Абдуллаһ ибн Омардан,

(р.анһ.)

хадисте Аллаһ

елшісінің

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

:

«Сендердің ешқайсыларың

бұрын құда түскен кісі райынан қайтпайынша неме-

се сендерге рұқсат бермейінше құда түскен мұсылман

бауырларыңның үстінен құда түспеңдер»

.

2.

إِنّ رَسُولَ اللِّ صَلّى اللُّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ قَالَ الْمُؤْمِنُ أَخُو الْمُؤْمِنِ فَلَ

َيَحِلّ لِلْمُؤْمِنِ أَنْ يَبْتَاعَ عَلَى بَيْعِ أَخِيهِ وَلَ يَخْطُبَ عَلَى خِطْبَةِ

أَخِيهِ حَتّى يَذَر

Ғуқба ибн Амирден

(р.анһ.)

риуаят етілген Пайғам-

барымыздың:

«Мүмін-мүміннің бауыры. Сондықтан

мүмінге бауырының үстінен сауда-саттық жүргізуі

267

Зухайли,а.а.е., ІІ, 49.