162
Отбасы ғылымхалы
және ол құда түскен әйелге оның үстінен құда түсуі
халал емес»
268
;
3. Әбу Һурайрадан
(р.анһ.)
риуаят етілген хадисте
Пайғамбарымыздың:
- عن أبي هريرة عن النبي - صلى الل عليه وآله وسلم - قال :
ل يخطب الرجل على خِطبة أخيه حتى ينكح أو يترك
«Бауыры құда түскен әйелге оған үйленбейінше не-
месе қалдырмайынша басқа адам құда түспейді»,-
деген
хадистері дәлел бола алады.
269
Әйелдің немесе оның заңды өкілінің екінші болып
құда түскен кісіге келісім беруі, әсіресе, алғашқы бо-
лып құда түскен кісінің қалыңдығы болып есептелген
жағдайда харам саналады. Алайда алғашқы болып құда
түскен кісі рұқсат берсе, онда құдалық дұрыс болып есеп-
теледі. Сонымен бірге алғашқы болып құда түскен кісіге
ешбір нақты жауап немесе келісім берілмеген жағдайда
екінші адамның құда түсуі айып болмайды.
Егер екінші кісі заңсыздық жасап, қалыңдыққа
құдалық түсіп қойғанына қарамастан оған
үйленсе, оның үкімі қандай?
Ғалымдардың басым көпшілігі екінші болып құда
түсіп, үйленген кісіні күнәкар санайды. Бірақ некесі дұрыс
әрі бұзылмайды дейді. Өйткені тыйым салынған нәрсе құда
түсу. Ал құда түсу некенің шарты емес деп түсіндіреді.
Біреудің үстінен құда түсуге тыйым салынғанымен, ол
некенің шартына немесе рүкініне жатпайды, сондықтан
268
Муслим. Сахих. Тахримул-хитба.
269
Субулу әс-Cсәлам, 3-том,113-бет.