158
Отбасы ғылымхалы
Құда түсу мен атастыру
Құда түсудің көптеген пайдалы жақтары бар. Соның
ішінде: Құда түсу екі жақтың бір-бірімен жақын танысуы-
на мүмкіндік береді. Бұл әсіресе, екеуінің мінез-құлқы, діні
мен пікіріне қатысты мәселелерде көрінеді. Нәтижесінде
күйеу жігіт пен қалыңдық өзара жақын танысып, арала-
рында бір-біріне деген махаббат (сүйіспеншілік) пайда
болып некенің негізгі мақсаттары жүзеге асады.
Сондай-ақ, (одан да маңызды) құда түсу
үйленетіндердің арасындағы айқындықты қамтамасыз
етеді. Танысу барысында әрқайсысының табиғатында
бар артықшылықтары мен кемшіліктері анықталады. Екі
тарап бір-бірінің кемшіліктерін біліп әрі оны көтеруге
шамасы келетініне көзін жеткізеді, өйткені кейбір кем-
шіліктерді бірі көтере алса, бәзбіреулер көтере алмауы
мүмкін. Сөйтіп осы негізде екі жақ барлық жағдайларды
біле отырып құдаласуға келіседі. Бұл некенің көркем әрі
берік болуына септігін тигізеді. Құда түсу сонымен бірге
күйеу мен қалыңдыққа және олардың әулеттеріне мәһр
мөлшерін, тұратын үйлері мен неке құратын уақытты және
т.б. мәселелерді анықтап алуларына мүмкіндік береді.
Құда түскісі келетінін жасыра тұру
Қызға сөз салғысы келген жігіт алдымен бұл ойын
жасыра тұрғаны жөн. Ол «истихара» намазын оқып,
жағдайдың анық-қанығына жеткенше бұл хабарды тара-
тпауы керек. Әбу Айюбтен
(р.анһ)
жеткен хадисте Аллаһтың
елшісі
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
:
«Сөз салатыныңды жасыра
тұр. Одан соң жақсылап дәрет ал. Сосын Аллаһтың саған
нәсіп еткен (рәкат) намазын оқы. Одан соң Раббыңды