153
Атастыру, сөз салу, құда түсу
Араб тіліндегі «хитба» сөзі – қызға үйлену үшін сөз
айту, сөз салу яки отбасына білдіріп құда түсу деген сөз
259
.
Бұл тікелей жігіттің өзі не болмаса отбасынан біреулерді
жіберіп сөз салуы арқылы болады. Егер де қыз яки оның
отбасы қолдаса сол сәттен бастап (хитба) атастыру іске
асады.
Исламда неке қимастан бұрын бір-бірін көріп тану-
лары үшін «хитбаны» дұрыс көріп, бұған арнайы жүйе
жасаған. Үйленудегі негізгі мақсат – шаңырақ құрып,
жаңа ұрпақ өсіру. Құранда:
َوَمِنْ آَيَاتِهِ أَنْ خَلَقَ لَكُمْ مِنْ أَنْفُسِكُمْ أَزْوَاجًا لِتَسْكُنُوا إِلَيْهَا وَجَعَلَ
بَيْنَكُمْ مَوَدّةً وَرَحْمَةً إِنّ فِي ذَلِكَ لََيَاتٍ لِقَوْمٍ يَتَفَكّرُون
«Сендерге оған тұрақтауларың үшін өз жыныс-
тарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіс-
пеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның
белгілерінен»
260
.
Үйлену ұсынысы «пәлен қызбен үйленгім келеді» деп
ашық айтуға болатыны секілді, астарлы сөзбен, не ишарат
арқылы да білдіре алады. Қызға «сенімен үйленуге бола-
ды», «жолы болғыш жігіт сенімен бақытты болады», «сен
тәрізді лайық бір қыз іздеудемін» деген сөздер үйлену
ұсыныстарына жатады.
259
Тухфатул-Ахуази, Әл-Мубаракфури, Абдур-Рахман, 8-том, 202-
бет, Бейрут. Ибн Муфлих әл-Ханбали, «әл-Мубдиғ», 7-том,14-бет,
Бейрут, «әл-Мактар әл-Ислами», 1400 һ.ж.
260
«Рұм» сүресі, 21 аят.