148
Отбасы ғылымхалы
Дүре жазасының шарты
Дүре жазасында қылмыскердің басы қатерге тігілмеуі
қажет. Сондықтан дүре жазасын өте ыстық не өте суық
күндері және науқас, жүктілік не нифас кезінде кейінге
қалдыру қажет. Шафиғи, Ханбалилер жазылуы мүмкін
емес науқас бұдан бөлек болғандығын айтады.
Дүре жазасы теріге ғана бататындай түрде жіңішке де,
жуан да емес бұтақсыз орташа бір таяқпен бір не екі күн
ішінде жүз рет ұру түрінде іске асырылады. Еркектердің
сыртқы киімі шешіліп, әурет жерлері жабық болады. Бет,
бас, қарын, арқа және ұятты жерлері сияқты өлімге апа-
ратын жерлерге ұрылмайды. Дүре тек иық, қол, балтыр
және аяқ секілді мүшелеріне жайыз.
Қылмыскер әйел болса отыру арқылы іске асады. Тек
қана сыртқы қалың киімі шешіледі
254
.
Қызтекелік
Қызтекелік – Лұт пайғамбардың елінің жасаған
азғын іс‑әрекеттері. Бұған Исламда және бұрынғы илаһи
діндердің бәрінде тыйым салынған.
Әбу Ханифа бойынша, қызтекелік үлкен күнә бо-
лып харам саналғанмен оған зина жазасын бермейді.
Сондықтан Ислам мемлекетінде арнайы жаза беріледі.
Бұл жерде нәсәптердің шатасуы жоқ.
Мәликилер мен Ханбалилердің мықты көзқарасына
қарай қызтекелік жасағандарға рәжм (тасборан) керек.
Және оның үйленген не бойдақ болуы шарт емес. Дәлел
мына хадис: ِ
مَنْ وَجَدْتُمُوهُ يَعْمَلُ عَمَلَ قَوْمِ لُوطٍ فَاقْتُلُوا الْفَاعِلَ وَالْمَفْعُولَ بِه
254
Касани, а.а.е; 7/57.