Previous Page  149 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 149 / 360 Next Page
Page Background

149

Зина жазасы және оның түрлері

«Лұт елінің ісін жасаған адамды тапсаңдар осы

істі жасағанды да, жасатқанды да өлтіріңдер»

– десе,

басқа бір хадисте:

«Үстіндегісін де, астындағысын да

өлтіріңдер»,

дейді

255

.

Шафиғилар бойынша үйленген болса – тасборан жа-

засы, бойдаққа – жүз дүре және сүргін. Олар:

إذا اتى الرجل الرجل فهما زانيان وإذا اتت المرأة المرأة فهما

زانيتان

«Еркек еркекпен болса, екеуі де – зинақор, әйел әйел-

мен болса, екеуі де – зинақор»

– деген хадиске сүйенеді.

Тақуаның әңгімесі...

Хазіреті Омар заманында бір жас жігіт бар еді. Бұл жігіт

бейне бір мешіттің көгершіні тәрізді болған. Құлшылықтың

парыздарына сақ болып, онымен қоймай нәпіл ғибадаттар

арқылы Хақ Тағалаға жақындығын көрген кісі бірден білетін.

Бірде Халифа Омар әлгі жігітті мешіттен көре алмады. Ол

мешітке келген қарақұрым жамағаттың бәрін танып, келіп-

келмегендерін бақылап отыратын. Ол әлгі жігітті ары-бері

қарап таба алмаған соң жамағатына дауыстап: «Пәлен деген

жігіт бар еді ғой. Қайда өзі? Бір-екі күн болды мешітте көре

алмай жүрмін» деді. Алайда ел бірден жауап бере алмай

бәрі бірдей үнсіз қалып, бастарын салбыратып, күмілжіп

қалды. Омар бұлардың мына түсініксіз әрекеттеріне таң

қалып қайтадан сұрағанда іштерінен біреу тұрып: «Уа,

мұсылмандардың Әміршісі! Оны әдепсіз бір жерге апара-

тын жолда өлі күйінде тауып алдық. Сенің көңіл-күйіңді

бұзбайық деп шұғыл жиналып жаназасын шығарып, жерлеп

тастағанбыз» дейді. Хазіреті Омар парасаттылығымен оның

қалай өлгенін сезе қояды. Бұл былай болған еді: Әлгі жас

жігіттің үйінен мешітке баратын жол жиегінде зинақор әйел

255

Әбу Дәууд, Худуд, 12; Ханбәл, 1/269; Ибн Қудәмә, а.а.е. 8/187.