Previous Page  146 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 146 / 360 Next Page
Page Background

146

Отбасы ғылымхалы

2. Төрт куәмен анықтау.

Иқрар болмаған жерде зинаның мұсылман, еркек, әділ

және төрт азат әйел куәлік етумен анықталуы да мүмкін.

Аллаһ Тағала Құранда:

ْوَاللّتِي يَأْتِينَ الْفَاحِشَةَ مِنْ نِسَائِكُمْ فَاسْتَشْهِدُوا عَلَيْهِنّ

أَرْبَعَةً مِنْكُم

«Әйелдеріңнен зина жасағанға араларыңнан төрт

куә келтіріңдер»,

251

дейді.

Сонымен қатар хазіреті Айшаға зина жаласын жауып

өсек таратқандар үшін

«Олар оған төрт куә келтірсе еді?

Сондай-ақ, олар куә әкелмеді. Міне, солар Аллаһтың

қасында өтірікші»,

деген

аят түсті

252

.

Төрт куәнің де зинаны тікелей өздері көруі және

зинаның жері мен уақыты туралы да бірдей айғақ айту-

лары керек. Куәнің сөздері арасында қайшылық туып, бұл

қайшылық сұрақтармен түзелмейтін болса, куәлардың

куәлігі жоққа шығарылады. Куәнің сөздері айдан анық,

қарама‑қайшылықсыз болып, күмән туғызбауы ке-

рек. Күмән жазаны тоқтатады. Хадисте:

«Шамаларың

жеткенше күмән табылған кезде қатаң жазаларды

тоқтатыңдар»,

253

дейді.

Сонымен қатар бойдақ не жесір әйелдің жүкті бо-

луы яки үйленгеннен кейін алты ай өтпей жатып боса-

нуы сияқты жағдайларда туған бала зинаның бір куәгері

саналады.

251

«Ниса» сүресі, 15-аят.

252

«Нұр» сүресі, 13-аят.

253

Тирмизи, Худуд, 2; Ибн Мәжә, Худуд, 5; Әбу Дәууд, Салат. 14.