142
Отбасы ғылымхалы
Исламның алғашқы кездерінде бойдаққа жүз дүре
соғылып, онымен қатар бір жыл сүргін жазасы берілетін.
Хадисте:
ُالْبِكْرُ بِالْبِكْرِ جَلْدُ مِائَةٍ وَنَفْيُ سَنَةٍ وَالثّيِّبُ بِالثّيِّبِ جَلْدُ مِائَةٍ
وَالرّجْم
«Бойдақтың бойдақпен зинасы үшін – жүз дүре және
бір жыл сүргін. Жесір мен әйелінен айырылған ердің зина-
сы үшін жүз дүре және таспен рәжм (тасборан) жасау
бар»
246
. «Нұр» сүресі түскен кезде бойдақтар үшін – тек
қана жүз дүре, ал үйленгендер үшін – сүннетпен рәжм
жазасы белгіленген.
Ханафилер бойынша, жер аудару зина жазасы емес
қазыға қатысты жаза. Егер пайдалы болса береді. Негізінде
зина жасаған адам тәубеге келгенге дейін абақтыда ұсталуы
осы түрге жатады.
Шафиғи мен Ханбалилер бойынша, дүре мен бір
жыл жер аудару бірге жасалады. Сүргін етілген жер
жолаушылық (сафари) қашықтықтан ұзақ болуы тиіс.
Әйел сүргінге күйеуі, не махрамымен (жақыны) барады.
Мәликилер бойынша, сүргінге тек ер кісі жі-
беріледі.
Рәжм (тасборан) жазасы
Рәжм – зина жасаған үйленген ер мен әйелге, яки
жесір мен әйелінен айырылған ерге сүннетпен белгіленген
жаза түрі. Хазіреті Омардың Пайғамбардан естіген:
«Кәрі
ермен кәрі әйел зина жасаса, оларды рәжм етіңдер»
247
сөзі Құранның бір аяты екендігін айтса да басқа бір дәлел
246
Ибн Мәжә, Худуд.
247
Ибн Мәжә, Худуд. Ханбәл. 5/132.