141
Зина жазасы және оның түрлері
6. Зинаның адаммен жасалуы. Үш мәзһәб және
Шафиғидың мықты көзқарасына қарай жан‑жану-
арлармен зина жасағанға қатаң жаза берілмейді.
7. Жыныстық қатынастың тура жерден болуы тиіс.
Бөтен әйелмен зинадан тыс әрекеттерге жеңіл жаза
беріледі.
8. Зинаны күмәнді некеге сүйеніп жасамау қажет.
Көпшіліктің пікіріне қарай, бір адам бөтен әйелді
өз әйелі не күңі деп ойлап жақындасса зина жазасы
берілмейді. Ал, әйел әдейі біліп разы болса, онда
жаза соған ғана беріледі. Әбу Ханифа және Әбу
Жүсіп бойынша «адамның қателесу» жорамалы
назарға алынбайды. Өйткені мұндай жағдайда күнә
істегеннен күмән арылмайды.
9. Зина дарул Ислам мемлекетінде жасалса, дін
үкімі жүргізіледі. Өйткені Ислам дарул харб, яки
дәрул бағи (мұсылман елі емес) жерінде үкімін
жүргізбейді
244
.
Зина жазасы (осы істерді жасаған адам бойдақ, яки
үйленген болып) екіге бөлінеді. Бойдақтарға – дүре
соғылады, үйленгендерге – рәжм (тасборан) жасалады.
Ислам мемлекетінің арнайы жазасы мен сүргінге жіберу
де осыларға жатады.
Жүз дүре соғу жазасы
Бойдақ ер мен бойдақ әйел үшін зина жазасы жүз дүре
екендігі Құранда айқын айтылған:
«Зина жасаған әйел
мен ерге жүз дүре соғыңдар»
245
.
244
Касани, а.а.е, 7/34; Ибн Қудәмә, а.а.е. 8/187.
245
«Нұр» сүресі, 2-аят.