Previous Page  147 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 147 / 360 Next Page
Page Background

147

Зина жазасы және оның түрлері

Зина жазасын жүзеге асыру шарттары

1. Ислам мемлекетінің болуы

Исламдағы қатаң жазалар Ислам елі саналған

жерлерде жасалған кезде іске асырылады. Бұл тура-

лы Ислам мүштәһидтерінің ауызбірлігі бар. Өйткені

Пайғамбарымыздың заманында оның рұқсатынсыз

ешқандай қатаң жазалар жасалмаған. Халифалар кезеңінде

де рұқсатсыз жасалмаған. Бірақ Иемен, Мысыр, Сирия,

Ирақ тәрізді орталықтан алыс жерлерде әкім мен қазылар

қатаң жазаларды орталықтың уәкілдіктері арқылы жасаған.

Сот ісінің жүргізілу тәртібі тарапсыз бір мансаптың

ортаға кіріп, қазылық жасауы және берілетін жазаны

іске асыру ұстанымына сүйенеді. Шағымданушы айып-

талушыны кінәлап, өзі үкім шығарып жазаны тікелей

өзі, не оны жақтаушылар арқылы жасайтын болса (яғни

Ислам мемлекетінің жоқтығын пайдаланып яки Ислам

мемлекетінде жасырып) бұл іс‑әрекет зұлымдық және

әділетсіздік саналып, Ислам мемлекетінің билігін жеке ба-

сына пайдаланып, заңға қол сұғып заңсыз әрекет жасағаны

үшін екі дүниеде де жауапқа тартылады.

2. Рәжмді жүзеге асыруда алдымен куәлардың

бастауы

Бойдақтардың зина жазасы болған дүреде куәлардың

алдымен бастауы шарт емес. Өйткені олар дүрені қалай

соғатынын білмеуі мүмкін.

Тасборанда алдымен куәлар бастап, одан кейін олар

жаза толық аяқталғанға дейін сол жерде болулары шарт.

Бұл жағдай соңғы сәтке дейін жазаны тоқтатуға беріл-

ген мүмкіндік үшін. Куәгерлердің қандай да бір күмәні

болса, өз куәлігінен бас тарта алады. Бұл қатаң жазаны

тоқтатады.