Previous Page  143 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 143 / 360 Next Page
Page Background

143

Зина жазасы және оның түрлері

болмағандықтан, бұл сөз Құраннан алынбаған. Сондай‑ақ,

хазіреті Омар халифа болып тұрғанда Мәдинада мінберде

рәжмді жариялағанда ешкім қарсы болмаған.

Хақ пайғамбардың рәжм жазасын іске асыру

мысалдары

1. Жұмыс берген адамның әйелімен ойнастық еткен

бойдаққа жүз дүре және бір жыл сүргін жазасы

әйелге тұрмыста болғандықтан рәжм берілген.

Зина жасаған әйелдің ері мен бойдақтың әкесі

Пайғамбарымызға келіп, «Аллаһтың кітабымен»

үкім берілуін сұрады. Бойдақтың әкесі Ислам

үкімін білмегендіктен алдын ала баласы үшін жүз

қой және бір күңді құтқаруды фидиясы ретінде бе-

реді. Хазіреті Пайғамбар

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

сонда:

«Нәпсім құдыреттің қолында болған Аллаһқа ант

етейін, араларыңда Аллаһтың кітабымен үкім бе-

ремін. Күң мен қойлар кері қайтарылады. Балаңа

жүз дүре және бір жыл сүргінге айдалады. Ей,

Унәйс! Сен әлгі адамның әйеліне бар. Егер зинасын

мойындаса, оны рәжм ет»,

дейді. Унәйс әйелге

барғанда ол мойындайды да рәжм етіледі»

248

.

2. Зинасын төрт рет растаған Майыз ибн Мәлікке

тасборан жазасы берілуі.

Майыз Пайғамбарымызға келіп зинасын мойын-

дайды. Осы мойындауын ол әртүрлі уақыттарда

келіп төрт рет қайталайды. Пайғамбар оның ақыл-

есі дұрыстығын не мастығын тексерген соң тасбо-

ран етуге әмір берген. Сахабалар тасборан жазас-

ынан соң екіге бөлінеді. Біреуі: «Мәлік құрдымға

248

Муслим, Худуд, 25; Бухари, Худуд.